Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6D060400 – Физика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Умбетова Жанбала Сундетовнаның «Модификацияланған гравитация теорияларындағы анизотропты компактты жұлдыздар модельдері» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жалпы және теориялық физика кафедрасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орыс тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Омаров Чингис Тукенович - физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор, ЖШС «В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты» директоры (Алматы, Қазақстан). Мамандығы: «Механика»;
2. Абдужаббаров Ахмаджон Адилжанович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Ұлықбек атындағы Астрономия институты (Ташкент қ., Өзбекстан). Мамандығы: «Астрономия; Теориялық физика».
Ғылыми жетекшілер:
1. Мырзакулов Кайрат Ратбаевич – физика-математика ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры. (Астана қ., Қазақстан);
2. Дуглас Синглетон – философия докторы (PhD), Калифорния мемлекеттік университетінің профессоры (Фресно қ., АҚШ).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1.Ахмедов Бабомурот Жураевич – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының академигі, Ұлықбек атындағы Астрономия институтының теориялық астрофизика зертханасының меңгерушісі (Ташкент қ., Өзбекстан);
2. Абдикамалов Ерназар Бахтиярович – философия докторы (PhD), Назарбаев Университеті физика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, (Астана қ., Қазақстан);
3. Шомшекова Сауле Ахметбековна – философия докторы (PhD), ЖШС «В.Г. Фесенков атындағы астрофизика институты» жетекші ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан).
Қорғау 2026 жылдың 21 қаңтарында сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D060400 (8D05306) – Физика», «6D072300 (8D05303) – Техникалық физика», «6D061100 (8D05307) – Физика және астрономия», «6D071000 (8D07110) – Материалтану және жаңа материалдар жасау технологиясы», «6D071700 (8D07106) – Жылу энергетикасы», «8D07108 – Электр энергетикасы», «8D01501 – Физика», «6D073200 (8D07502) – Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)», «8D05309 – Ядролық медицина», «6D071900/8D06201-Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн және офлайн аралас формат түрінде өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/92267483547?pwd=GnsU7lQN94eHDZ3MeObgYbHfup6T74.1
Конференция идентификаторы: 922 6748 3547
Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы