Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D02306 – Шетел филологиясы (батыс тілдері)» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Хасанова Мольдир Талгатовнаның «Публицистикалық мәтіндердегі трансформацияланған фразеологиялық бірліктердің қызметі (ұлттық ағылшын тілі корпустарының материалдары негізінде)» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы кафедрасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – ағылшын тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Ислам Айбарша – филология ғылымдарының докторы, профессор, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (Алматы қ., Қазақстан).
2. Исмаилова Фариза Кенжеғалиқызы – PhD, Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті (Алматы қ., Қазақстан).
Ғылыми кеңесшілер:
1. Сулейменова Элеонора Дуйсеновна – филология ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан).
2. Гусман Тирадо Рафаель – филология ғылымдарының докторы, профессор, Гранада университеті (Гранада қ., Испания).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Екиджи Метин – PhD, профессор, Еге университеті (Измир қ., Түркия).
2. Есенова Қалбике Өмірбайқызы – филология ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).
3. Коптлеуова Кулпаш Балапановна – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Баишев университеті (Ақтөбе қ., Қазақстан).
Қорғау 2026 жылдың 23 қаңтарда сағат 14:00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы «6D021300, 8D02303 – Лингвистика; 6D021000, 8D02306 – Шетел филологиясы; 8D01705 – Шетел тілі: екі шетел тілі; 6D020700, 8D02302 – Аударма ісі; 8D02208 – Түркітану» мамандықтар тобы / білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесте аралас форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/92638115302?pwd=idnb4fMV2beaNYkHmMuncEsY3u0EwZ.1
Идентификатор: 926 3811 5302