Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D02303-Лингвистика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Серікқазықызы Ақботаның «Армян-қыпшақ ескерткіштері тілінің лингвистикалық интерпретациясы» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түркітану және тіл теориясы кафедрасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Сабыр Мұрат – филология ғылымдарының докторы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры (Орал қ., Қазақстан).
2. Жүніс Майра Әбибуллақызы – филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).
Ғылыми кеңесшілер:
1. Авакова Раушангул Амирдиновна – филология ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан);
2. Нуреддин Демир – филология ғылымдарының докторы, профессор, Хаджеттепе университеті (Анкара қ., Түркия).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Айдан Ирғатоғлұ – PhD, қауымдастырылған профессор, Анкара Қажы Байрам Уәли университеті (Анкара қ., Түркия).
2. Боранбаев Сандыбай Режепович – филология ғылымдарының докторы, профессор, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (Шымкент қ., Қазақстан).
3. Маралбек Ермұхамбет – PhD, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (Астана қ., Қазақстан).
Қорғау 2026 жылдың 17 ақпанда сағат 15:00-да әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы «6D021300, 8D02303 – Лингвистика; 6D021000, 8D02306 – Шетел филологиясы; 8D01705 – Шетел тілі: екі шетел тілі; 6D020700, 8D02302 – Аударма ісі; 8D02208 – Түркітану» мамандықтар тобы / білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесте аралас форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/95954232365?pwd=ziJU5cc2IvOpMBonbU7aMsBEH8UiR1.1
Идентификатор: 959 5423 2365
Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы
Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық