әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D10102 - Медицина» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылған Ілбекова Құралай Бақытбеқызының «Радиоактивті қалдық қоймалары жақын орналасқан елді мекендердегі халықтың қатерлі ісік аурушаңдық қаупін бағалау және оны төмендетудің тиімді әдістерін жетілдіру» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация «Астана медицина университеті» КеАҚ Радиобиология және радиациялық қорғау ғылыми-зерттеу институтында орындалды.
Қорғау формасы - диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі - қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Ильдербаев Оралбек Зайнулданович - медицина ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жалпы биология және геномика кафедрасының меңгерушісі (Астана қ., Қазақстан).
Мамандығы: «14.00.16 - Патологиялық физиология»
2. Жолдыбай Жамиля Жолдыбаевна - медицина ғылымдарының докторы, профессор, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің визуалды диагностика кафедрасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан).
Мамандығы: «14.00.19 - сәулелік диагностика, сәулелік терапия»
Ғылыми кеңесшілер:
1. Қазымбет Полат Қазымбетұлы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Астана медицина университеті» КеАҚ Радиобиология және радиациялық қорғау ғылыми-зерттеу институтының құрметті директоры. (Астана қ., Қазақстан).
2. Бекенова Фарида Кабешовна – медицина ғылымдарының докторы, «Астана медицина университеті» КеАҚ «Ішкі аурулар №1» кафедрасының профессоры. (Астана қ., Қазақстан).
3. Тахауов Равиль Манихович – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген дәрігері, Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің ФГБОУ ВО «Сібір мемлекеттік медицина университетінің» денсаулық сақтауды ұйымдастыру және қоғамдық денсаулық кафедрасының профессоры. (Ресей Федерациясы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Остроумова Евгения Владимировна - медицина ғылымдарының кандидаты, Халықаралық радиациялық эпидемиология және дозиметрия қоғамының вице-президенті (ISoRED), БҰҰ-ның Атом радиациясының әсері жөніндегі ғылыми комитетіндегі (БҰҰ АРӘҒК, UNSCEAR) Қатерлі ісікті зерттеу жөніндегі халықаралық агенттіктің (IARC) бақылаушысы. ( Лион қ., Франция).
2. Шабдарбаева Дария Муратовна –медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Семей медицина университеті» КеАҚ ғылым жөніндегі проректоры (Семей қ., Қазақстан).
3. Аманкулов Жандос Муктарович- PhD, EMBA, радиология және ядролық медицина бөлімінің меңгерушісі, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зарттеу институты (Алматы қ., Қазақстан).
Қорғау 2026 жылдың 17 ақпанында сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанынан ашылған «8D10101 (6D110200) – Қоғамдық денсаулық сақтау», «8D10102 (6D110100) – Медицина», «8D10104 (6D110400) – Фармация», «8D10103- Мейіргерлік іс» мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде офлайн/онлайн түрде өтеді.
Zoom сілтемесі:
https://zoom.us/j/96394422657?pwd=IZGaC9g3JzSbNpDTSNuqjFlUW7A9zp.1
Конференция идентификаторы: 963 9442 2657