Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D02303-Лингвистика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Пиязбаева Акмарал Бейсенкуловнаның «Экономикалық сана трансформациясының тілдегі репрезентациясы: дәстүрлі және заманауи модус» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түркітану және тіл теориясы кафедрасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Жалмаханов Шапағат Шарапатович – филология ғылымдарының докторы, профессор, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті (Қарағанды қ., Қазақстан).
2. Шоқым Гүлжан Тыныштықбайқызы – филология ғылымдарының докторы, профессор, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті (Ақтөбе қ., Қазақстан).
Ғылыми кеңесшілер:
1. Фазылжан Анар Мұратқызы – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (Алматы қ., Қазақстан).
2. Ләззат Уракова Йанч – PhD, қауымдастырылған профессор, Анкара университеті (Анкара қ., Түркия).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Сухейла Демиркөл Орак – PhD, қауымдастырылған профессор, Фырат университеті (Елазык қ., Түркия).
2. Балтабаева Жаналик Клышевна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).
3. Шойбекова Газиза Бейсенбековна – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).
Қорғау 2026 жылдың 24 ақпанында сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы «6D021300, 8D02303 – Лингвистика; 6D021000, 8D02306 – Шетел филологиясы; 8D01705 – Шетел тілі: екі шетел тілі; 6D020700, 8D02302 – Аударма ісі; 8D02208 – Түркітану» мамандықтар тобы / білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесте аралас форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/94586136387?pwd=B4th3oKmSwE432rqLmbIeIIc4cTvKZ.1
Идентификатор: 945 8613 6387