Farabi University

Ордаева Айгул Жумабердиевна

27 ақпан 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6D030100 – Құқықтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Ордаева Айгул Жумабердиевнаның «Сталкинг (ізге түсу): адамның  жеке кеңістігіндегі мүліктік емес қатынастарға қол сұғу салдарынан құқықтық қорғау мәселелері»  тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс  Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Құқықтану» кафедрасында орындалды.

Қорғау нысаны – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ.

Ресми рецензенттер:

1. Акимжанов Талгат Курманович – з.ғ.д., «Құқықтану және Халықаралық құқық» кафедрасының профессоры, «Тұран» Университетінің Құқық Ғылыми-зерттеу институтының директоры (Алматы қ., Қазақстан);

2. Жандыкеева Гульнар Есенбековна – философия докторы (PhD), "Q" University құқықтану пәндері кафедрасының аға оқытушысы (Алматы қ., Қазақстан).

Ғылыми кеңесшілер:

1. Битемиров Қайрат Тұрлыбайұлы – з.ғ.к., қауымдастырылған профессор,  М. Ауэзов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті «Заң» факультеті, Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасының профессоры (Шымкент қ., Қазақстан)

2. Шалхаров Ернар Сайлаубекович – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор м.а, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қылмыстық құқық кафедрасының аға оқытушысы (Түркістан қ., Қазақстан).

3. Омер Озкан – философия докторы (PhD), Yalova университетінің Заң факультетінің профессоры (Стамбул қ., Түркия).  

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Апахаев Нурлан Жилкайдарович – з.ғ.к., профессор, "Q" University құқық академиялық мектебінің басшысы (Алматы қ., Қазақстан);

2. Эдвард Юхневичус (Edward Juchniewicz) – ғылым докторы, Гданск университетінің профессоры (Гданск қ., Польша);

3. Курманалиева Эльмира Бахытжановна – з.ғ.к., Алматы қаласы бойынша нотариус (Алматы қ., Қазақстан).

Қорғау 2026 жылдың 27 ақпан күні сағат 12:30-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D030100, 8D04203-Құқықтану; 6D030200, 8D04201-Халықаралық құқық» мамандықтар тобы / білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта (онлайн және оффлайн) мекен-жайы бойынша: 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, Заң факультеті, № 300 аудиторияда өтеді.

Zoom конференциясына қосылу: 

https://zoom.us/j/93594399751?pwd=mUgREn4axDxFwBWrg7GaECKYBiObZr.1

Конференция идентификаторы: 935 9439 9751

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы