Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D02209 – Шығыстану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Жүзбаева Ұлданай Дүйсенқызының «Әбул-Фиданың «Тақуим әл-Бұлдан» еңбегі Азияның тарихи географиясының дереккөзі» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Абжалов Сұлтанмұрат Өтешұлы – философия ғылымдарының кандидаты, профессор. Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Теология факультетінің деканы. Мамандығы: Өнер және гуманитарлық ғылымдар, Дінтану. (Түркістан қ., Қазақстан).
2. Абдимомынов Нуртас Талгатжанович – философия докторы (PhD), Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің профессоры. Мамандығы: «6D020300 – Тарих» (Алматы қ., Қазақстан);
Ғылыми жетекшілер:
1. Сабитов Жақсылық Мұратұлы – философия докторы (PhD), доцент, Жошы ұлысын зерттеу ғылыми институтының директоры (Астана қ., Қазақстан);
2. Сайфетдинова Эльмира Гадельзянқызы – тарих ғылымдарының кандидаты, Татарстан Республикасы Ғылым академиясы Ш. Маржани атындағы Тарих институтының М.Ә. Усманов атындағы Алтын Орда мен татар хандықтарын зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері (Қазан қ.,Татарстан).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Асадов Фарда Магеррам оглы – тарих ғылымдарының докторы, Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясының Зия Бунядов атындағы Шығыстану институты профессоры (Баку қ., Әзербайжан Республикасы);
2. Кенжеахмет Нұрлан – философия докторы (PhD), «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ «Шығыс қолжазбалар мұрасы» Халықаралық деректану орталығының жетекшісі (Алматы қ., Қазақстан);
3. Қыдыр Төрәлі Еділбайұлы – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Ислам ғылыми зерттеу институының директоры (Алматы қ., Қазақстан).
Қорғау 2026 жылдың 12 наурызында сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D020900, 8D02209 – Шығыстану (тарихи және филологиялық бағыты)», «6D020700, 8D02301 – Аударма ісі (шығыс тілдері және әдебиеті)», «6D021000, 8D02305 – Шетел филологиясы (шығыс тілдері және әдебиеті)» мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және оффлайн) форматта, келесі мекен-жай бойынша өтеді: 050012, Алматы қ., Қарасай батыр көшесі, 95, Шығыстану факультеті.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/95880764083?pwd=aTEahKE3BCUxQm3SWao0M6k6oqloJG.1
Идентификатор конференции: 958 8076 4083