Farabi University
Референдум 15 марта

Сағатбек Амангүл

3 сәуір 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D01501 – Физика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Сағатбек Амангүлдің ««Физика» пәнінің «Механика» бөлімінде проблемалық оқыту технологиясын қолдану ерекшеліктері»» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады. 

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасында орындалды.

Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Ақжолова Әлия Әбдірайымқызы – философия докторы (PhD), ассистент-профессор, Математика, физика және информатика факультеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: «6D011000 – Физика».

2. Садирбекова Динара Қалымбековна – философия докторы (PhD), Гуманитарлы-жаратылыстану білім беру кафедрасының меңгерушісі, Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: «6D010300 – Педагогика және психология».

 Ғылыми кеңесшілер:

1. Габдуллина Гулмира Лайкеевна. – ассистент-профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан);

2. Гита Ревалде – физика докторы, Рига техникалық университетінің профессоры (Рига қ., Латвия).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Куанбаева Баян Улжагалиевна – Физика және техникалық пәндер кафедрасының профессоры, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті (Атырау қ., Қазақстан);  

2. Озден Сенгул (Ozden Sengul) – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, математика және жаратылыстану білім беру кафедрасы, Богазичи университеті (Стамбул қ., Түркия);

3. Мансурова Айжан Акжигиткызы – философия докторы (PhD), Назарбаев Зияткерлік мектебі Алматы-Медеу директорының орынбасары (Алматы қ., Қазақстан).

Қорғау 2026 жылдың 03 сәуірінде сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D060400 (8D05306) – Физика», «6D072300 (8D05303) – Техникалық физика», «6D061100 (8D05307) – Физика және астрономия», «6D071000 (8D07110) – Материалтану және жаңа материалдар жасау технологиясы», «6D071700 (8D07106) – Жылу энергетикасы», «8D07108 – Электр энергетикасы», «8D01501 – Физика», «6D073200 (8D07502) – Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)», «8D05309 – Ядролық медицина», «6D071900/8D06201-Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн және офлайн аралас формат түрінде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://zoom.us/j/91245273937?pwd=JWShEVBDlr0Ebq4bAHjDhOWm2YFAbh.1

Идентификатор: 912 4527 3937

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы