Farabi University
Референдум 15 марта

Толенова Ақтолқын Усербекқызы

17 сәуір 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және «Ядролық физика институты» ШЖҚ РМК бірлескен диссертациялық кеңесінде «8D05308 – Ядролық физика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Толенова Ақтолқын Усербекқызының «Нейтрондық сәулелену жағдайындағы литий метатитанатынан тритийдің пайда болуы мен шығарылуының моделін әзірлеу» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады. 

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің теориялық және ядролық физика кафедрасында орындалды.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – орыс.

Ресми рецензенттер:

1. Мухамедов Нуржан Еролович – PhD, қауымдастырылған профессор, реакторлық құрылғыларды әзірлеу және сынау бөлімінің бастығы, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК «Атом энергиясы институты» филиалы (Курчатов қ., Қазақстан Республикасы);

2. Кабышев Асет Маратович – PhD, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті халықаралық ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар кафедрасының оқытушы-зерттеушісі (Астана қ., Қазақстан Республикасы).

Ғылыми жетекшілер:

1.    Кенжин Ергазы Асиевич – физика-математика ғылымдарының кандидаты, «Ядролық технологиялар қауіпсіздігі» ғылыми-техникалық орталығының жоба менеджері (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);

2.    Нестеров Евгений Александрович – техника ғылымдарының кандидаты, «Ұлттық зерттеу Томск политехникалық университеті» федералдық мемлекеттік автономды жоғары білім беру мекемесінің «Зерттеу ядролық реакторы» оқу-ғылыми орталығының № 31 ядролық реактор зертханасының меңгерушісі (Томск қ., Ресей Федерациясы).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Ташметов Маннаб Юсупович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы Ядролық физика институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары (Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы);

2. Сураев Артур Сергеевич – PhD, қауымдастырылған профессор, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК «Атом энергиясы институты» филиалының сәулелендіру құрылғыларының жылуфизикалық және нейтрондық-физикалық сипаттамаларын зерттеу зертханасының жетекші ғылыми қызметкері (Курчатов қ., Қазақстан Республикасы);

3. Кожахметов Ернат Абилхайырович – PhD, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті «VERITAS» озық тәжірибе орталығының жетекшісі (Өскемен қ., Қазақстан Республикасы).

Қорғау 2026 жылы 17 сәуірде сағат 15:00-де «6D060500, 8D05308-Ядролық физика» мамандығы / білім беру бағдарламасы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және «Ядролық физика институты» ШЖҚ РМК бірлескен диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және оффлайн) форматта, келесі мекен-жай бойынша өтеді: 050032, Алматы қ., Ибрагимов к-сі, 1, №10 ғимарат, Әкімшілік корпус, Ақпараттық орталығы, 25 кабинет.

Zoom конференциясына қосылу:

https://zoom.us/j/99243026332?pwd=4Kp4JPhMHCuNEeWFF1hZDGNvFXE53L.1

         Идентификатор: 992 4302 6332

          Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы