Farabi University

Хамит Нұржан Ержанұлы

6 сәуір 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D07302 – Геоинформатика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Хамит Нұржан Ержанұлының «Әуеғарыштық және геодезиялық әдістерді қолдана отырып Алматы метрожелісінің геодинамикалық үрдістері әдістемесін әзірлеу» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің картография және геоинформатика кафедрасында орындалған.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс .

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1.  Солтабаева Сауле Темирболатовна – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті Ө.А. Байқоңыров атындағы Тау-кен-металлургия институты директорының орынбасары. Мамандығы: «25.00.16 – Тау-кен өндірістік, мұнай-газ өндіру, геология, геофизика, маркшейдерлік іс және жер қойнауы геометриясы» (Алматы қ., Қазақстан);

2.  Зинабдин Нұрлыбек Бердібекұлы – PhD, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті физикалық және экономикалық география кафедрасының аға оқытушысы. Мамандығы: «6D060900 - География» (Астана қ., Қазақстан).

Ғылыми жетекшілер:

1. Джангулова Гульнар Кабатаевна – техника ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті картография және геоинформатика кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Алматы қ, Қазақстан);

2. Наджи Йыстыклы – PhD, Йылдыз техникалық университетінің профессоры (Ыстамбұл, Түркия).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Анненков Андрей Александрович – техника ғылымдарының докторы, Киев ұлттық құрылыс және сәулет университетінің профессоры (Киев қ., Украина);

2. Шоганбекова Дания Асыгатовна – PhD, Халықаралық білім беру корпорациясының Инженерия мектебінің қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан).

3. Киргизбаева Динара Мейрамбековна – PhD, Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті маркшейдерлік іс және геодезия кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан);

Қорғау 2026 жылдың 6 сәуір күні сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «8D07304 – Жерге орналастыру», «8D07302 – Геоинформатика», «8D07303 – Картография», «8D11101 (6D090200) – Туризм», «8D01503 - География», «8D05202 (6D060900) – География», «8D05207 (6D060800) – Экология», «8D05203 (6D061000) – Гидрология», «8D05204 – Метеорология», «8D07301 (6D071100) – Геодезия» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде гибридті формат түрде өтеді. Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71/19, география және табиғатты пайдалану факультеті, №225 аудиториясы.

Zoom конференциясына қосылу: 

https://zoom.us/j/95406614079?pwd=hHJLbl3rVBsWIghSMRtEd2FovFrxLw.1

Конференция идентификаторы: 954 0661 4079

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы