Қуаныш Сәуле Қалдарбекқызы — ҚазҰУ

Қуаныш Сәуле Қалдарбекқызы

18 қыркүйек 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «8D05401 - Математика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Қуаныш Сәуле Қалдарбекқызының  «Параболалық тектес интегралдық-дифференциалдық теңдеулер үшін бейлокал есептерді шешудің сандық-аналитикалық әдістері»   тақырыбындағы диссертациясы қорғалады. 

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, механика-математика факультеті, математика кафедрасында орындалды.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс .

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

  1. Оспанов Қордан Наурызханұлы – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, (Астана қ., Қазақстан);
  2. Байгереев Досан Ракимгалиевич – PhD, қауымдастырылған профессор, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті , (Өскемен қ., Қазақстан).

Ғылыми жетекшілер:

  1. Асанова Анар Тұрмағанбетқызы – физика-математика ғылымдарының докторы,профессор, Математика және математикалық модельдеу институты, (Алматы қ., Қазақстан);
  2. Кадирбаева Жазира Муратбековна – физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор, Математика және математикалық модельдеу институты, (Алматы қ., Қазақстан);
  3. Liu Zhenhai - профессор,Guangxi  Minzu University, (Наньнин қаласы, Қытай).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Юлдашев Турсун Камалдинович - физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Ташкент мемлекеттік көлік университеті (Tashkent State Transport University, TSTU), (Ташкент қ. Өзбекстан);
  2. Есиркегенов Нургиса Аманкелдиұлы – PhD, қауымдастырылған профессор, КИМЭП Университеті, (Алматы қ., Қазақстан);
  3. Нурахметов Даулет Багдатович – PhD, қауымдастырылған профессор, Астана халықаралық университеті,  (Астана қ., Қазақстан).

Қорғау 2026 жылғы 18 қыркүйек, сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы «6D060100 (8D05401) – Математика», «8D05404 - Іргелі және қолданбалы математика», «8D05405 - Есептеу ғылымдары және статистика» және «6D070500 – Математикалық және компьютерлік моделдеу»мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн және оффлайн аралас формат түрінде өтеді.

Қорғау орны (оффлайн): механика-математика факультеті, 413 ауд. 

Zoom конференциясына қосылу(онлайн): Қорғау Қуаныш С.Қ.

Zoom конференциясына қосылу:

https://zoom.us/j/95623038332?pwd=QWEmAwCC7fhZVRaJhQauLfaTxHZ6VH.1

Конференция идентификаторы: 956 2303 8332

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық