әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6D070100 – Биотехнология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Абекова Асима Оспанқызының «Жаңа дәрілік заттарды өңдеу үшін иод координациялық қосылысының белсенділігін ісікке қарсы зерттеу» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертациялық жұмыс «QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ құрамындағы «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» АҚ-да орындалды.
Қорғау формасы – диссертация.
Қорғау тілі – орыс тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Гончарова Татьяна Георгиевна – биология ғылымдарының докторы, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының Ғылыми кеңесінің ғылыми хатшысы (Алматы, Қазақстан Республикасы). Мамандығы: 14.00.14 – Онкология;
2. Жапарқұлова Қарлығаш Алтынбекқызы – PhD, қауымдастырылған профессор С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің биотехнология және жалпы химиялық инженерия кафедрасының меңгерушісі (Алматы, Қазақстан). Мамандығы: 6D074800 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы».
Ғылыми жетекшілері:
1. Исламов Ринат Алимжанович – биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС виварийі бар клиникаға дейінгі зерттеулер зертханасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан);
2. Нерсесян Армен Константинович – PhD, DSc, Вена медицина университеті Қатерлі ісік зерттеулері институтының профессоры (Вена қ., Австрия).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Бегимбетова Динара Айтбаевна – PhD, қауымдастырылған профессор, Назарбаев Университеті, ЧУ «National Laboratory Astana» жетекші ғылыми қызметкері (Астана қ., Қазақстан). Мамандығы: Молекулалық және жасушалық биология;
2. Остапчук Екатерина Олеговна - PhD, қауымдастырылған профессор, «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС Алматы қаласындағы филиалының директорының м.а. (Алматы қ., Қазақстан);
3. Абилев Серикбай Каримович – биология ғылымдарының докторы, профессор, РҒА Н.И. Вавилов атындағы Жалпы генетика институтының бас ғылыми қызметкері, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті биология факультетінің генетика кафедрасының профессоры (Мәскеу қ., Ресей).
Қорғау 2026 жылы 23 қазанда сағат 14:30-да әл‑Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы «6D060700, 8D05101 – Биология», «6D070100, 8D05105 – Биотехнология», «8D05104 – Генетика», «6D061300, 8D05108 – Геоботаника», «8D08401 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», «8D05102 – Биомедицина» мамандықтар / білім беру бағдарламалары тобы бойынша диссертациялық кеңесте аралас (офлайн / онлайн) форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/96656142599?pwd=NfEyCvuqgdWecwLtS4XSbcYmhkR0z9.1
Конференция идентификаторы: 966 5614 2599