Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D01704 – Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Атыгаева Жания Еркынқызының «Орыс тілін оқыту барысында оқушылардың әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін қалыптастырудағы инновациялық әдістер» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінде орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орыс тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Жунусова Жанылдық Ныгизбаевна – филология ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры;
2. Айкенова Рыскельды Айкеновна – педагогика ғылымдарының докторы, Туран-Астана университетінің профессоры.
Ғылыми жетекшілер:
1.Темиргазина Зифа Какбаевна – Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің филология ғылымдарының докторы, зерттеуші профессор (Павлодар қ., Қазақстан).
2.Куссе Хольгер – Дрезден техникалық университетінің Славистика институтыныңфилология ғылымдарының докторы, профессоры(Дрезден қ., Германия).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Капенова Жанарсын Жуматовна – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Көптілді білім беру зертханасының меңгерушісі (Астана қ., Қазақстан).
2. Акошева Маржан Касымовна – филология ғылымдарының кандидаты, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің доценті (Астана қ., Қазақстан);
3. Смолий Елена Сергеевна – филология ғылымдарының кандидаты, П.Лумумба атындағы Ресей халықтар достастығы университетінің доценті (Мәскеу қ., Ресей).
Қорғау 2026 жылдың 15 қазанында сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D011800, 8D01704 – Орыс тілі мен әдебиеті», «8D01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті», «6D020500 – Филология», «8D02308 – Орыс филологиясы», «6D021400, 8D02304 – Әдебиеттану», «8D02307 – Қазақ филологиясы» мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу: