Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D07110 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Жумадилов Бауыржан Ерболсынұлының «Сутегі энергетикасы үшін электрокатализдік материалдар ретінде көміртекті наноқабырғалар мен олардың гибридті композиттері» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің қатты дене физикасы және жаңа материалдар технологиясы кафедрасында орындалған.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орыс тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Жусупбеков Куаныш – PhD, Гарвард университетінің физика кафедрасының ғылыми қызметкері (Массачусетс, АҚШ);
2. Шлимас Дмитрий Игорьевич – PhD, доцент, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар кафедрасының оқытушы-зерттеушісі (Астана қ., Қазақстан).
Ғылыми жетекшілер:
1. Габдуллин Маратбек Тулебергенович – профессор, физика-математика ғылымдарының кандидаты, PhD, Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) Ректоры (Басқарма төрағасы) (Алматы қ., Қазақстан);
2. Мархабаева Айымкул Алихановна – PhD, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қатты дене физикасы және жаңа материалдар технологиясы кафедрасының доценті (Алматы қ., Қазақстан);
3. Фей Сюй (Fei Xu) – ғылым докторы, Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің материалтану және инженерия мектебінің профессоры (Сиань қ., Қытай).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Павленко Владимир Валерьевич – PhD, қауымдастырылған профессор, Функционалдық наноматериалдар зертханасының меңгерушісі, Жану проблемалары институты (Алматы қ., Қазақстан).
2. Даулбаев Чингис Баянович – PhD, Қатты денелердің радиациялық физикасы бөлімінің бастығы, Ядролық физика институты (Алматы қ., Қазақстан).
3. Jumaev Elyorjon (Жумаев Элёржон) – PhD, Бизнес және ғылым университетінің қамқоршылық кеңесінің төрағасы (Наманган, Узбекистан).
Қорғау 2026 жылдың 23 қазан, сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D060400 (8D05306) – Физика»; «6D072300 (8D05303) – Техникалық физика»; «6D061100 (8D05307) – Физика және астрономия»; «6D071000 (8D07110) – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы»; «6D071700 (8D07106) – Жылуэнергетика»; «8D07108 – Электроэнергетика»; «8D01501 – Физика»; «6D073200, 8D07502 – Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)»; «8D05309 – Ядролық медицина»; «6D071900/8D06201 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас онлайн және оффлайн форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/95236164528?pwd=5vQ9a7RoBTv1caxDuPFI0cwlReoXMl.1
Идентификатор: 952 3616 4528