Байгунакова Айнур Сулейменовна — ҚазҰУ

Байгунакова Айнур Сулейменовна

16 қараша 2026

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D01704 – Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Байгунакова Айнур Сулейменовнаның «Орыс тілі мен әдебиеті болашақ мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру құралы ретінде жобалық оқыту әдістері» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасында орындалды.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Оналбаева Айгүл Тыныбековна – филология ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессор м.а. (Алматы, Қазақстан).

2. Мизанбеков Серік Коспиевич – педагогика ғылымдарының кандидаты, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің доценті (Алматы, Қазақстан).

Ғылыми консультанттар:

1. Бегалиева Сауле Баязовна – педагогика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры (Алматы, Қазақстан).

2. Жолдасбекова Баян Өмірбекқызы – филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры (Алматы, Қазақстан).
3. Гао Яньжун – PhD, Чжэцзян Юэсю шетел тілдері университетінің доценті (Қытай).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Сафронова Людмила Васильевна – филология ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры (Алматы, Қазақстан).

2. Скнарев Дмитрий Сергеевич – филология ғылымдарының докторы, доцент, Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университеті Орыс тілі институтының орыс тілі және лингвомәдениеттану кафедрасының профессоры (Мәскеу, Ресей).

3. Калиева Альмира Кайыртаевна – филология ғылымдарының кандидаты, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты бас директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары (Алматы, Қазақстан).

Қорғау 2026 жылдың 16 қарашасында сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D011800, 8D01704 – Орыс тілі мен әдебиеті», «8D01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті», «6D020500 – Филология», «8D02308 – Орыс филологиясы», «6D021400, 8D02304 – Әдебиеттану», «8D02307 – Қазақ филологиясы» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://zoom.us/j/97571170002?pwd=UwYb55aXqbM2zVxdXC7nIOPJvnygEP.1

Идентификатор: 975 7117 0002