Такенов Нурлан Кайратулы — ҚазҰУ

Такенов Нурлан Кайратулы

27 қараша 2026

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D05104 – Генетика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Такенов Нурлан Кайратулының «Қазақстандағы туберкулез қоздырғышы Mycobacterium tuberculosis генотиптерін зерттеу» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады. 

Диссертациялық жұмыс «Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК бактериология зертханасында орындалды.

Қорғау формасы – диссертация.

Қорғау тілі – орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Скиба Юрий Александрович – биология ғылымдарының кандидаты, профессор, Ұлттық биотехнология орталығының бас директорының міндетін атқарушы (Астана, Қазақстан). Мамандығы: 03.01.03 – Молекулалық биология.

2. Карамендин Кобей Омертаевич – ветеринария ғылымдарының кандидаты, Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығының вирус биохимиясы зертханасының меңгерушісі (Алматы, Қазақстан). Мамандығы: 03.00.19 – Паразитология.

Ғылыми жетекшілері:

1. Жунусова Гульнур Сагиндыковна – PhD, қауымдастырылған профессор, Генетика және физиология институтының жетекші ғылыми қызметкері (Алматы, Қазақстан);

2. Йе Сю – PhD, Сямынь университетінің өмір туралы ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры (Сямынь, Қытай). 

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Мокроусов Игорь Владиславович – биология ғылымдарының докторы, Пастер атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу институтының молекулалық эпидемиология және эволюциялық генетика зертханасының меңгерушісі (Санкт-Петербург, Ресей);

2. Исмагулова Гульнара Акимжановна – биология ғылымдарының кандидаты, М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтының бас директорының орынбасары (Алматы, Қазақстан);

3. Байдуйсенова Алия Утешовна – медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Төрегелді Шарманов атындағы Ұлттық медицина университетінің денсаулық сақтау бағыты бойынша кадрлар даярлау жөніндегі ОӘБ РОӘК-тің аға әдіскері (Астана, Қазақстан).

Қорғау 2026 жылы 27 қарашада сағат 14:30-да әл‑Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы «6D060700, 8D05101 – Биология», «6D070100, 8D05105 – Биотехнология», «8D05104 – Генетика», «6D061300, 8D05108 – Геоботаника», «8D08401 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», «8D05102 – Биомедицина» мамандықтар / білім беру бағдарламалары тобы бойынша диссертациялық кеңесте аралас (офлайн / онлайн) форматта өтеді.

Zoom конференциясына қосылу: 

https://zoom.us/j/97153139221?pwd=x2Zj9tB7xsxbPFALzMPwP4QJxb74tT.1 

Конференция идентификаторы: 971 5313 9221

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы