Өжікен Асылбек Қасымбекұлы — ҚазҰУ

Өжікен Асылбек Қасымбекұлы

24 қараша 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6D060300 – Механика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Өжікен Асылбек Қасымбекұлының «Тобық буыны экзоскелетіне арналған адаптивті басқару жүйесі бар электромеханикалық жетекті әзірлеу және зерттеу» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады. 

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Механика» кафедрасында орындалды.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Шингисов Бейбит Туменбаевич – PhD, "Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ" КЕАҚ, Алматы қ., Қазақстан. Мамандығы: «6D071200 - Машина жасау»;

2. Кайыров Рустем Айбекович – PhD, Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті, Қарағанды қ., Қазақстан. Мамандығы: «6D060300 – Механика».

Ғылыми кеңесшілер:

1.  Тулешов Амандық Қуатович – ҚР ҰИА және ҚР ҰҒА академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор, Академик Ө. А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты, Алматы  қ., Қазақстан; 

2.  Iliev Teodor – PhD, профессор, Ангел Канчев атындағы Русе университеті, Русе қ., Болгария. 

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Едилхан Дидар – PhD, қауымдастырылған профессор, «Astana IT University» ЖШС, Астана қ., Қазақстан. Мамандығы: «6D070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»;

2.  Buratowski Tomasz Bohdan – техника ғылымдарының докторы, профессор, Станислав Сташиц атындағы Тау-кен металлургия академиясы, Краков қ., Польша. Мамандығы: «Робототехника»;

3.  Мустафа Азамат Қойшықұлұлы – PhD, қауымдастырылған профессор, "Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ" КЕАҚ, Ә. Бүркітбаев атындағы Энергетика және машина жасау институты, Алматы қ., Қазақстан; Мамандығы: «6D071200 - Машина жасау».

Қорғау 2026 жылы 24 қараша, сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қарамағында құрылған «6D060300, 8D05403 – Механика», «6D074600, 8D07111 – Ғарыштық техника және технологиялар», «8D07117 - Робототехникалық жүйелер»   мамандықтар / білім беру бағдарламалар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және оффлайн) форматта келесі мекен-жай бойынша өтеді: 050040, Алматы қ.,       әл-Фараби даңғылы, 71, механика-математика факультеті, 106-аудитория.

Zoom конференциясына қосылу: 

https://zoom.us/j/96549154976?pwd=2S1Hv3kqyIqCjet4anwLr0WclAPkO4.1

Конференция идентификаторы: 965 4915 4976

 Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы