Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «8D06104 – Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Сабирова Юлия Фархатовнаның «Моделирование динамики и виброзащиты нелинейных деформируемых систем» («Сызықты емес деформацияланатын жүйелердің динамикасын және дірілден қорғауын модельдеу») тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, механика-математика факультеті, математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орыс тілі.
Ресми рецензенттер:
- Рысбайұлы Болатбек – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор,Astana IT University (Астана қ., Қазақстан);
- Жәйшібеков Нұрболат Жұмабекұлы – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан).
Ғылыми жетекшілер:
- Хаджиева Леля Азретовна – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан);
- Приказчикова Людмила (Prikazchikova Ludmila) – PhD, аға оқытушы (Senior Lecturer), Keele University (Кил қ., Ұлыбритания).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Ицков Михаил (Itskov Mikhail) – инженерия ғылымдарының докторы (Dr.-Ing.), профессор, институт директоры, Ахен Рейн-Вестфаль техникалық университеті (Аахен қ., Германия);
- Синица Артем Витальевич – PhD, қауымдастырылған профессор, Қолданбалы математика мектебінің деканы, Қазақстан-Британ техникалық университеті (Алматы қ., Қазақстан);
- Кошкарбаев Нурбол Махсетбаевич – PhD, ғылыми қызметкер, ҚР ҒЖБМ ҒК «Математика және математикалық модельдеу институты» ШЖҚ РМК (Алматы қ., Қазақстан).
Қорғау 2026 жылғы 25 қараша, сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы «6D060100 (8D05401) – Математика», «8D05404 – Іргелі және қолданбалы математика», «8D05405 – Есептеу ғылымдары және статистика» және «6D070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн және оффлайн аралас формат түрінде өтеді.
Қорғау орны (оффлайн): механика-математика факультеті, 413 ауд.
Zoom конференциясына қосылу(онлайн): Қорғау Сабирова Ю.Ф.
https://zoom.us/j/99619389825?pwd=IbhNO5BHPIwfkh7g2x5yGBTe7Sf4K8.1
Conference ID: 996 1938 9825