Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D03107 – Психология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Шералы Бижан Сейжанұлының «Ірі қаладағы адамның психологиялық бақуаттылығы мен дене белсенділігі арасындағы байланысы (Алматы қаласының студент жастары мысалында)» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті жалпы және қолданбалы психология кафедрасында орындалған.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Аубакирова Жаннат Канашовна – психология ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті психология кафедрасының профессоры міндетін атқарушысы (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
2. Сангилбаев Оспан Сейдуллаевич – психология ғылымдарының докторы, «Тұран» университеті психология жоғары мектебінің профессоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілер:
1. Ким Алла Михайловна – психология ғылымдарының докторы,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
2. Рогалева Людмила Николаевна – психология ғылымдарының кандидаты, Урал мемлекеттік федералды университетінің Дене шынықтыру, спорт және жастар саясаты институтының дене шынықтыру теориясы кафедрасының доценті (Екатеринбург қ., Ресей Федерациясы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Арслан Серхат (Arslan Serhat) – PhD докторы, Гази университетінің профессоры (Анкара қ., Түркия Республикасы);
2. Нурадинов Алмат Сабитович– психология ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті психология кафедрасының доцент м.а. (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
3. Андрущишин Иосиф Францевич – педагогика ғылымдарының докторы, «Спорт психологтары қауымдастығының» президенті (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Қорғау 2026 жылдың 26 қараша күні сағат 10:00 уақытында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті ғимаратының 123 мәжіліс залында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанынан құрылған «6D050100, 8D03101 – Әлеуметтану»; «6D050200, 8D03104 – Саясаттану»; «6D090500, 8D11401 – Әлеуметтік жұмыс», «6D012300, 8D01801 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «6D050300, 8D03107 – Психология», «6D010300, 8D01101 – Педагогика және психология», «8D03103 – Конфликтология» мамандықтар тобы мен білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/92712034563?pwd=K77TMTaau2bKfG5wOzHHuooab6FmGa.1
Идентификаторы: 927 1203 4563