Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D03107 – Психология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Молбасынова Жумакул Маратовнаның
«Оқушылардың сыни ойлауының эмоциялық интеллектінің дамуына психологиялық әсері» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті, жалпы және қолданбалы психология кафедрасында орындалған.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс. Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
1.Тапалова Ольга Бисеновна – психология ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан).
2.Нурадинов Алмат Сабитович – психология ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, психология кафедрасының доцент міндетін атқарушысы (Астана қ., Қазақстан).
Ғылыми кеңесшілер:
1.Токсанбаева Нургул Коргаджановна – психология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан);
2. Южел Гелишли (Yücel Gelişli) – PhD докторы, Гази университеті Білім беру факультетінің профессоры (Анкара қ.,Туркия).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1.Аяганова Алмагуль Жандильдаевна – психология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Адами ресурстарды басқару институты, HR-әдіснама секторының меңгерушісі (Астана қ., Қазақстан);
2.Дауткалиева Перизат Болатовна – психология мамандығы бойынша философия докторы (PhD), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы (Алматы қ., Қазақстан);
3.Арслан Серхат (Serhat Arslan) – PhD докторы, Гази университеті Білім беру факультеті профессоры, (Анкара қ., Туркия).
Қорғау 2026 жылдың 26 қараша күні сағат 14:00 уақытында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті ғимаратының 123 мәжіліс залында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанынан құрылған «6D050100, 8D03101 – Әлеуметтану»; «6D050200, 8D03104 – Саясаттану»; «6D090500, 8D11401 – Әлеуметтік жұмыс», «6D012300, 8D01801 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «6D050300, 8D03107 – Психология», «6D010300, 8D01101 – Педагогика және психология», «8D03103 – Конфликтология» мамандықтар тобы мен білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесте аралас форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
Идентификаторы: 954 1419 8657
https://zoom.us/j/95414198657?pwd=8a1RHHY0yiLmminbF604zzR5apGqJm.1