Сағынай Мөлдір — ҚазҰУ

Сағынай Мөлдір

25 қараша 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D06301 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» білім беру бағдарламасы бойынша Сағынай Мөлдірдің философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Қазақ тіліндегі деструктивті веб-контентті классификациялауға арналған тереңдетіп оқыту үлгілерін жасау» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы өтеді.

Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Киберқауіпсіздік және криптология кафедрасында орындалды.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ.

Ресми рецензенттер:

1. Жукабаева Тамара Кокеновна – философия докторы (PhD), профессор, School of AI+X, Qazaq AI Research University (Астана қ., Қазақстан).

2. Токтарова Айгерим Бастарбеккызы – философия докторы (PhD), доцент, М.Ауезов Оңтүстік Қазақстан университеті Ақпараттық коммуникациялық технологиялар кафедрасы (Шымкент қ., Қазақстан).

Ғылыми кеңесшілер:

1. Болатбек Милана Асланбекқызы – PhD, ассистент профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан).

2. Миан Мухаммад Васим Икбал – PhD, қауымдастырылған профессор, Ұлттық ғылым және технологиялар университеті (National University of Sciences and Technology, NUST), Пәкістан.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Оралбекова Дина Орымбаевна – философия докторы (PhD), ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Ақпараттық және есептеу технологиялары институтының аға ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан).

2. Мекебаев Нурбапа Отанович – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Физика, математика және цифрлық технологиялар институты Информатика кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан).

3. Сайманов Исламбек Мырзабаевич – физика-математика ғылымдары бойынша философия докторы (PhD), Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетінің Қолданбалы математика және зияткерлік технологиялар факультетінің Ақпараттық қауіпсіздік кафедрасының доценті (Ташкент қ., Өзбекстан).

Қорғау 2026 жылғы 25 қараша сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы «8D06301 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесте гибридті форматта (онлайн және офлайн) өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://zoom.us/j/92514842907?pwd=wfRxxmoFeTGYUCVqjohi8ILs1Gsv0T.1

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы