әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D04203 – Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Жұмадилова Назерке Серікжанқызының «Дербес деректерді заңсыз жинаумен, өңдеумен және таратумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қылмыстық-процестік мәселелері» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде орындалды.
Қорғау нысаны – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
Алибаева Гульнар Айтчановна – заң ғылымдарының докторы, КеАҚ «Нархоз университеті» Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің профессоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
Сериев Болат Абдулдаұлы – заң ғылымдарының кандидаты, профессор, КеАҚ «І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» Басқарма мүшесі – әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректоры (Талдықорған қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілер:
Алимкулов Ербол Темирханович – заң ғылымдарының кандидаты, КеАҚ «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» Заң факультетінің профессор міндетін атқарушысы (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
Жанибеков Акынкожа Каленович – философия докторы (PhD), профессор, Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің жастар саясаты және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры (Шымкент қ., Қазақстан Республикасы).
Кевин Майкл Бивер – философия докторы (PhD), Флорида мемлекеттік университетінің Криминология және қылмыстық сот төрелігі колледжінің Джудит Рич Харрис (Judith Rich Harris) криминология профессоры (Таллахасси қ., Флорида штаты, АҚШ).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Калкаева Несибели Бакитовна – заң ғылымдарының кандидаты, КеАҚ «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» Тарих және құқық факультетінің қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
Дуйсенбаева Гульзипа Жумабаевна – философия докторы (PhD), Алматы қаласы адвокаттар алқасының адвокаты (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
Ходжаев Бахшилло Камолович – философия докторы (PhD), профессор, Ташкент мемлекеттік заң университетінің ректоры (Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы).
Қорғау 2026 жылғы 26 қараша күні сағат 12:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «6D030100, 8D04203 – Құқықтану; 6D030200, 8D04201 – Халықаралық құқық» мамандықтар тобы / білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта (онлайн және офлайн) мекен-жайы бойынша: 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, Заң факультеті, № 300 аудиторияда өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/92606183116?pwd=r5M7pPM0yAqKQwp4JODbjWV9x8mIwk.1
Конференция идентификаторы: 926 0618 3116