Тулетаев Асхат Боромбаевич — ҚазҰУ

Тулетаев Асхат Боромбаевич

27 қараша 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D05202 – География» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Тулетаев Асхат Боромбаевичтің «Түркістан облысын ландшафттық агроэкологиялық аудандастырудың ғылыми қолданбалы негіздерін әзірлеу» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасында орындалған.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Козыкеева Алия Тобажановна – техника ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті су ресурстары және IT технологиясы факультеті су ресурстары және мелиорация кафедрасының профессоры. Мамандығы: «06.01.02 – Мелиорация, жерді баптау және қорғау» және «25.00.36 – Геоэкология»  (Алматы қ., Қазақстан);

2.  Әділбектегі Гүлмира Әділбекқызы – PhD, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Жаратылыстану ғылымдары институты Қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару және инжиниринг кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Мамандығы: «25.00.36 – Геоэкология» (Астана қ., Қазақстан).

Ғылыми кеңесшілер:

1. Скоринцева Ирина Борисовна – география ғылымдарының докторы,  қауымдастырылған профессор (Алматы қ, Қазақстан);

2. Мерием Атик – PhD, Акдениз университеті Сәулет факультетінің Ландшафтық сәулет департаментінің профессоры (Анталья қ., Түркия).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Калдыбаев Сагынбай Калдыбаевич – а-ш.ғ.д.,  ҚР АШҒА академигі, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті агробиология факультеті топырақтану, агрохимия және экология кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан);

2. Озгелдинова Жанар Озгелдиновна - PhD, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жаратылыстану ғылымдары институты физикалық және экономикалық география кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Астана қ., Қазақстан);

3. Ван Пин - PhD, Қытай Ғылым академиясының Географиялық ғылымдар және табиғи ресурстарды зерттеу институтының профессоры (Бейжің қ., Қытай Халық Республикасы).

Қорғау 2026 жылдың 27 қараша күні сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «8D07304 – Жерге орналастыру», «8D07302 – Геоинформатика», «8D07303 – Картография», «8D11101 (6D090200) – Туризм», «8D01503 - География», «8D05202 (6D060900) – География», «8D05207 (6D060800) – Экология», «8D05203 (6D061000) – Гидрология», «8D05204 – Метеорология», «8D07301 (6D071100) – Геодезия» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде гибридті формат түрде өтеді. Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71/19, география және табиғатты пайдалану факультеті, №225 аудиториясы.

Zoom конференциясына қосылу: 

https://zoom.us/j/91324264822?pwd=89VInc5RL1Cm1CT9uMXCRK9WLrNbQv.1 

Конференция идентификаторы: 913 2426 4822

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы