Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D01801 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Жомартов Айдос Корабаевичтың «Студент жастарда терроризмге қарсы сананы дамытудың әлеуметтік-педагогикалық негіздері» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасында орындалған.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс. Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
1.Ахметова Айгул Игеновна – PhD докторы, қауымдастырылған профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан);
2.Сақтағанов Балабек Кеніштайұлы – PhD докторы, доцент, Қазақ ұлттық хореография академиясы, өнертану және арт-менеджмент кафедрасының доценті (Астана қ., Қазақстан).
Ғылыми кеңесшілер:
1.Булатбаева Айгуль Абдимажитовна– педагогика ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан);
2. Казакова Елена Ивановна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті Педагогика институтының директоры (Санкт-Петеребург қ., Ресей Федерациясы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1.Садирбекова Динара Қалымбековна– PhD докторы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессор м.а. (Алматы қ., Қазақстан);
2.Алимбеков Акматали – PhD докторы, Қырғыз-Түрік «Манас» университеті, педагогика кафедрасының профессоры. (Бішкек қаласы, Қырғыз Республикасы);
3.Галимжанова Маржан Анесовна – Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, академиялық профессор, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы», «Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының директоры (Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы).
Қорғау 2026 жылдың 27 қараша күні сағат 10:00 уақытында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті ғимаратының 123 мәжіліс залында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанынан құрылған «6D050100, 8D03101 – Әлеуметтану»; «6D050200, 8D03104 – Саясаттану»; «6D090500, 8D11401 – Әлеуметтік жұмыс», «6D012300, 8D01801 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «6D050300, 8D03107 – Психология», «6D010300, 8D01101 – Педагогика және психология», «8D03103 – Конфликтология» мамандықтар тобы мен білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесте аралас форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/98693593417?pwd=KtLc7cU24IaxrF8Z1MEgCSNLtrb16q.1
Идентификаторы: 986 9359 3417