Хайдарова Юлдуз Мәдіханқызы — ҚазҰУ

Хайдарова Юлдуз Мәдіханқызы

30 қараша 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 8D10102 – «Медицина» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылған Хайдарова Юлдуз Мәдіханқызының «Бруцеллез бойынша эндемиялық аймақта ерте серонегативті спондилоартриттің дифференциалды диагностикасы» тақырыбында диссертациясы қорғалады.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Медицина және денсаулық сақтау факультетінің денсаулық сақтау саясаты және оны ұйымдастыру кафедрасында орындалған.

Қорғау форматы – диссертация.

Қорғау тілі – орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

  1. Королев Максим Александрович – медицина ғылымдарының докторы, Ресей ғылым  академиясының Сібір бөлімшесінің Цитология және генетика институты ғылыми-зерттеу орталығы федералдық мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекемесінің Клиникалық және эксперименттік лимфология ғылыми-зерттеу институты филиалының директоры (Новосибирск қ., Ресей Федерациясы).

Мамандығы – 3.3.6 — Фармакология, клиникалық фармакология.

  1. Лукина Галина Викторовна – медицина ғылымдарының докторы, профессор, А.С. Логинов атындағы Мәскеу клиникалық ғылыми орталығының ревматология бөлімінің жетекшісі (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы).

Мамандығы – 14.00.39 - Ревматология.

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Курманова Гаухар Медеубаевна – медицина ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы дәрігерлік практика кафедрасының меңгерушісі (Алматы қ., Казахстан).
  2. Лесняк Ольга Михайловна – медицина ғылымдарының докторы, профессор,  И.И.Мечников атындағы Солтүстік-Батыс мемлекеттік медицина университетінің отбасылық медицина кафедрасының профессоры (Санкт-Петербург қ., Ресей Федерациясы).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Дубинина Татьяна Васильевна – медицина ғылымдарының кандидаты, В.А. Насонова  атындағы Ревматология ғылыми-зерттеу институтының аксиалдық спондилоартрит зертханасының меңгерушісі, Ресей Федерациясының Орталық федералдық округі бойынша штаттан тыс бас ревматологы (Мәскеу қ, Ресей Федерациясы).
  2. Поддубный Денис Анатольевич – медицина ғылымдарының докторы, профессоры, Торонто университеті Темерти медицина факультетінің медицина департаменті ревматология бөлімшесінің басшысы, Шрёдер артрит институтының аға ғылыми қызметкері, дәрігер-зерттеушісі, Университеттік денсаулық сақтау желісі (University Health Network), (Торонто, Канада).
  3. Горемыкина Майя Валентиновна – медицина ғылымдарының кандидаты, Ішкі аурулар және ревматология кафедрасының профессоры, «Семей медицина университеті» КеАҚ (Семей қ., Қазақстан).

Қорғау 2026 жылдың 30 қараша сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанынан ашылған «8D10101 (6D110200) – Қоғамдық денсаулық сақтау», «8D10102 (6D110100) – Медицина», «8D10104 (6D110400) – Фармация», «8D10103- Мейіргерлік іс» мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде офлайн/онлайн түрде өтеді. Офлайн қорғау келесі мекен-жайда өтеді: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасының 308 кабинеті, аль-Фараби даңғылы 71, Алматы қ.

Zoom сілтемесі: https://zoom.us/j/97831989925?pwd=g26JSSa8fPKIX6tMBhs3j4in4CkAyk.1

Конференцияның идентификаторы: 978 3198 9925

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы