Батықова Жұлдыз Казбекқызы — ҚазҰУ

Батықова Жұлдыз Казбекқызы

4 желтоқсан 2026

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D05105 - Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Батықова Жұлдыз Казбекқызының «Әртүрлі сорбенттерге иммобилизденген ризобактериялар негізінде биопрепарат құрастыру» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады. 

Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биотехнология кафедрасында орындалды.

Қорғау формасы - диссертация.

Қорғау тілі - қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Досжанова Айнур Серикбайкызы - ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің агрономия, селекция және биотехнология кафедрасының профессоры (Алматы, Қазақстан). Мамандығы: 1201 - Биотехнология.

2. Слямова Назира Дусупкановна - ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС органикалық егіншілік зертханасының меңгерушісі (Алмалыбақ ауылы, Алматы облысы, Қазақстан). Мамандығы: 40100 - Ауыл шаруашылығы.

Ғылыми жетекшілері:

1. Кистаубаева Аида Сериковна - биология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Биология және биотехнология факультетінің биотехнология кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан);

2. Пидлиснюк Валентина (Valentina Pidlisnyuk) - химия ғылымдарының докторы, Ян Евангелиста Пуркине университетінің Қоршаған ортаны қорғау химиясы және технологиялары кафедрасының профессоры (Усти-над-Лабем қ., Чехия).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Эшбоев Фарход Бакир угли - PhD, қауымдастырылған профессор, «Жаңа Өзбекстан» университетінің Перспективті зерттеулер институтының биотехнология және биоинформатика зертханасының жетекшісі (Ташкент қ., Өзбекстан);

2. Файзулина Эльмира Рамазановна - биология ғылымдарының кандидаты, Микробиология және вирусология институтының жетекші ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан).

3. Кенжегулова Саягуль Оразбаевна - ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің қауымдастырылған профессоры (Астана қ., Қазақстан).

Қорғау 2026 жылы 4 желтоқсанда сағат 14:30-да әл‑Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы «6D060700, 8D05101 – Биология», «6D070100, 8D05105 – Биотехнология», «8D05104 – Генетика», «6D061300, 8D05108 – Геоботаника», «8D08401 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», «8D05102 – Биомедицина»  мамандықтар / білім беру бағдарламалары тобы бойынша диссертациялық кеңесте аралас (офлайн / онлайн) форматта өтеді.

Zoom конференциясына қосылу: 

https://zoom.us/j/96427000080?pwd=jehYSMaMmbtKFqZKa0cINmut6gofmb.1

Конференция идентификаторы: 964 2700 0080

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы