Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D07116 – Интеллектуалды басқару жүйелері» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Тасмурзаев Нурдәулет Мұсаханұлының «Медициналық заттар интернеті (IoMT) және машиналық оқыту әдістері негізінде жүректің ишемиялық ауруын анықтауға арналған интеллектуалды жүйені әзірлеу» тақырыбындағы ғылыми жұмысы қорғалады.
Ғылыми жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің жасанды интеллект және Big Data кафедрасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орыс тілі.
Ресми рецензенттер:
- Бәзіл Гүлмира Дүйсенбекқызы – PhD, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Алматы қ., Қазақстан.
- Тлебалдинова Айжан Солтангалиевна – PhD, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Өскемен қ., Қазақстан.
Ғылыми жетекшілер:
- Иманбек Бағлан Талғатқызы – PhD, қауымдастырылған профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан.
- Витор Мануэл Родригеш Виегаш – PhD, ассистент-профессор, Португалия Әскери-теңіз академиясы, Лиссабон қ., Португалия.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Увалиева Индира Махмутовна – PhD, қауымдастырылған профессор, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Өскемен қ., Қазақстан.
- Джунусбекова Гульнара Алдешовна – медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» АҚ, Алматы қ., Қазақстан.
- Wan Azani Mustafa – PhD, Universiti Malaysia Perlis (UniMAP), Перлис қ., Малайзия.
Қорғау 2026 жылдың желтоқсанның 10-ы, сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанынан құрылған «6D070200 – Автоматтандыру және басқару», «8D07109 – Автоматтандыру және Internet of Things», «8D07116 – Интеллектуалды басқару жүйелері», «8D06114-Медицина саласындағы жасанды интеллект», «6D060200/8D01502-Информатика», «8D06102- Компьютерлік инженерия», «8D06105- Жүйелік инженерия», «6D070300/8D06101-Ақпараттық жүйелер», «8D06107-Деректер туралы ғылым», «8D06103-Компьютерлік ғылымдар», «6D070400-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «6D075100-Информатика, есептеу техникасы және басқару» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде гибридті форматта (офлайн/онлайн) түрде өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/99993906645?pwd=JbvQWtSweL21UIvpsEba6SAxqjZE0b.1
Конференция идентификаторы: 999 9390 6645