Farabi University

Муратова Алуа Жасланқызы

29 ақпан 2024

«8D04203 – Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Муратова Алуа Жасланқызының «Жануарларға қатыгездік жасау: қылмыстық-құқықтық және қылмыстық-процестік аспектілері» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасында орындалды.

Қорғау нысаны - диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Сматлаев Бауржан Мамытбекович – заң ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заң факультетінің деканы (Астана қ., Қазақстан). Мамандығы 12.00.09.

2. Сактаганова Индира Советовна – заң ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Астана қ., Қазақстан). Мамандығы 12.00.01;

Ғылыми кеңесшілер:

1. Жанибеков Акынкожа Каленович – PhD докторы, қауымдастырылған профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары (Алматы қ., Қазақстан);

2. Кевин Майкл Бивер - PhD докторы, Флорида штаты университетінің Криминология және қылмыстық сот төрелігі колледжінің Джудит Рич Харрис (Judith Rich Harris) криминология профессоры (Таллахасси қ., Флорида штаты, АҚШ).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Мицкая Елена Владимировна – заң ғылымдарының докторы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасының профессоры (Шымкент қ., Қазақстан);

2. Нукушева Айгуль Ашимовна – заң ғылымдарының кандидаты, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетінің азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының доценті (Қарағанды қ., Қазақстан);

3. Қаражанов Мәлік Дулатұлы – PhD докторы, Alikhan Bokeikhan Univercity заң факультетінің деканы (Семей қ., Қазақстан);

4. Абзалова Хуршида Мирзиятовна - заң ғылымдарының докторы, Ташкент мемлекеттік заң университетінің Қылмыстық құқық, криминология және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кафедрасының профессоры (Ташкент қ., Өзбекстан).

Қорғау 2024 жылдың 29 ақпан күні сағат 10:00-де әл – Фараби атындағы ҚазҰУ «6D030100, 8D04203 - Құқықтану; 6D030200, 8D04201-Халықаралық құқық» мамандықтар тобы / білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта (онлайн және оффлайн) мекен-жайы бойынша: 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, Заң факультеті, № 413 аудиторияда өтеді.

 Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/88516710941?pwd=alN6bzlsQkVGUm8xWTVSWlJqdkNTQT09

Конференция идентификаторы: 885 1671 0941

Тікелей трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/channel/UCyR2_KAKMfZX2-XOHmkyxLQ

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық