Белкожаев Аяз Маратович

25 сәуір 2024

«6D060700-Биология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Белкожаев Аяз Маратовичтің «Нуклеотидтік қайталымдары бар гендердің мРНҚ мен микроРНҚ-ның өзара әрекеттесуі» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады. 

Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Биотехнология» кафедрасы базасында, М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтының «Құрылымдық және функционалдық геномика» зертханасында және Discovery Park жанындағы «Өмір туралы ғылымдар» саласымен байланыс зертханасында (Сануидж, Ұлыбритания) орындалды.   

Қорғау формасы - диссертациялық жұмыс .

Қорғау тілі: қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Ережепов Даурен Адильович - PhD, Назарбаев Университеті, геномдық және дербестендірілген медицина зертханасының аға ғылыми қызметкері (Астана қ., Қазақстан). Мамандығы: 03.00.03 - Молекулалық биология;

2. Арипова Акмарал Алтынбаевна - PhD, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, жалпы биология және геномика кафедрасының аға оқытушысы (Астана қ., Қазақстан). Мамандығы: 6D060700-Биология.

Ғылыми жетекшілері:

1. Ниязова Райгуль Есенгельдиевна  - биология ғылымдарының кандидаты, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы қ., Қазақстан);

2. Cornelia M. Wilson - PhD, Кентербери Крайст-Черч университетінің аға оқытушысы және Discovery Park жанындағы «Өмір туралы ғылымдар» саласымен байланыс зертханасының директоры (Сануидж, Ұлыбритания).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1.  Табыс Дина - PhD, Назарбаев Университетінің медицина мектебінің пост-доктор ғылыми қызметкері (Астана қ., Қазақстан).

2.  Кайыржанов Рауан Багданович - MD., PhD, UCL Queen Square Institute of Neurology, Postdoctoral Research Fellow (London, United Kingdom).

3.  Кайшибаева Гульназ Смагуловна - медицина ғылымдарының кандидаты, Смағұл Қайшыбаев атындағы неврология және нейрореабилитация институтының директоры (Алматы, Қазақстан).

4.  Шашкин Чингиз Сакаевич - медицина ғылымдарының кандидаты, «Shashkin Clinic» клиникасының директоры (Алматы, Қазақстан).

5.  Құлмамбетова Гүлмира Нығметжанқызы - PhD, Ұлттық Биотехнология Орталығы, ұлттық ұжымдық пайдалану ғылыми биотехнология зертханасының аға ғылыми қызметкері (Астана, Қазақстан).

6. Алтынова Назым Калихановна - PhD, Популяциялық генетика зертханасының меңгерушісі, Генетика және физиология институты (Алматы қ., Қазақстан).

Қорғау 2024 жылы 25 сәуірде, сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060700, 8D05101 - Биология», «6D070100, 8D05105 - Биотехнология», «8D08401 - Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», «8D05104 - Генетика» мамандықтар/білім беру бағдарламалар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде офлайн/онлайн форматында өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/86424387108?pwd=NTkxZlZJUkdwMmIvR2tML1FVS1hTUT09

Идентификатор конференции: 864 2438 7108

Тікелей трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/channel/UCyR2_KAKMfZX2-XOHmkyxLQ

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық