«8D05204 – Метеорология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Тілләкәрім Түрсын Адамбекқызының «Климаттың өзгеруі жағдайында Есіл және Нұра-Сарысу сушаруашылығы алаптары қар жамылғысының ылғал қорының өзгеруін зерттеу» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы ҚазҰУ метеорология және гидрология кафедрасында орындалды. Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
- Байшоланов Сакен Советович – география ғылымдарының кандидаты, доцент, "Астана" халықаралық ғылыми кешені" жеке мекемесінің география және табиғатты пайдалану институтының бас ғылыми қызметкері. Мамандығы: 11.00.09 - Метеорология, климатология және агрометеорология (Астана қ., Қазақстан);
- Молдахметов Марат Молдабекович – география ғылымдарының кандидаты, Агробиологиялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Ш. Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық институты. Мамандығы: 11.00.07 - Құрлық гидрологиясы, су ресурстары, гидрохимия (Тараз қ., Қазақстан).
Ғылыми жетекшілер:
- Кауазов Азамат Маратович – география ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, Орталық Азияның өңірлік экологиялық орталығының Орталық Азия Климаттық Ақпараттық Платформасының үйлестірушісі (Алматы қ., Қазақстан);
- Аброр Гафуров – PhD, uидрология профессоры, GFZ неміс геоғылымдар орталығы, CAWa жобасының үйлестірушісі (Потсдам, Германия).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Турсунова Айсулу Алашевна – география ғылымдарының кандидаты, "География және су қауіпсіздігі институты" АҚ "Су ресурстары" зертханасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан);
- Дуулатов Элдияр Сапарбекович – PhD доктор, Қырғыз Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Геология институтының ғылыми қызметкері (Бішкек қ., Қырғызстан);
- Алимкулов Саят Курбанбаевич – география ғылымдарының кандидаты, "География және су қауіпсіздігі институты" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары (Алматы қ., Қазақстан);
- Алдиярова Айнур Есеркеповна – PhD доктор, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің "Су ресурстары және мелиорация" кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан);
- Осмонов Азамат – PhD доктор, Орталық Азия қолданбалы геоғылымдар институтының жетекші ғылыми қызметкері (Бішкек қ., Қырғызстан).
Қорғау 2024 жылдың 30 cәуірінде сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «8D05202 (6D060900) - География»; «8D05207 (6D060800) - Экология»; «8D05203 (6D061000) - Гидрология»; «8D07301 (6D071100) - Геодезия»; «8D11101 (6D090200) - Туризм», «8D05204 – Метеорология» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде гибридті түрде өтеді. Мекен-жайы: 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғ., 71/19, география және табиғатты пайдалану факультеті, №225 аудиториясы.
Сайт: https://www.kaznu.kz/ru/18139/page/
e-mail: aizhan.mussagaliyeva@kaznu.edu.kz
Zoom конференциясына қосылу: https://us02web.zoom.us/j/85207972543?pwd=OGE1NjBCeENJUVpwYktpR0ppQXJxZz09
Идентификатор конференции: 852 0797 2543
Тікелей трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/channel/UCyR2_KAKMfZX2-XOHmkyxLQ