Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6D060900 – География» мамандығы дәрежесін алу үшін ұсынылған Алдажанова Гульнар Булатовнаның «Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Жамбыл облысының ауыл шаруашылығын пайдалану ландшафттарын басқарудың географиялық негіздері» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің география және экология кафедрасының базасында орындалған.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс .
Қорғау тілі – орыс тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Кирейчева Людмила Владимировна – техника ғылымдарының докторы, профессор, А.Н. Костяков атындағы «Гидротехника және мелиорация ғылыми орталығы» федералды мемлекеттік мекемесінің ғылыми департаментінің басшысы (Мәскеу қ., Ресей). Мамандығы: 06.01.02 – Мелиорация, рекультивация және жерді қорғау.
2. Рамазанова Нұргүл Есенқызы - PhD докторы, профессордың м.а., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жаратылыстану ғылымдары факультетінің физика және экономикалық география кафедрасының меңгерушісі (Астана, Қазақстан) мамандығы: 6D060800-Экология.
Ғылыми жетекшілер:
1. Бейсенова Әлия Сәрсенқызы - география ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жаратылыстану және география институтының география және экология кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан)
2. Скоринцева Ирина Борисовна – география ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ-ның ландшафттану және табиғатты пайдалану мәселелері зертханасының жетекшісі (Алматы қ., Қазақстан);
3. Красноярова Бэлла Александровна – география ғылымдарының докторы, профессор, РҒА Сібір бөлімшесінің «Су және экологиялық проблемалар институтының» ландшафттық - су экологиялық зерттеулер және табиғатты пайдалану зертханасының жетекшісі (Барнаул қ., Ресей Федерациясы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Қалдыбаев Сағынбай Қалдыбайұлы – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, ҚР АСХН академигі, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Агроинновация және экология» ҒЗИ директоры (Алматы қ., Қазақстан);
2. Левыкин Сергей Вячеславович – география ғылымдарының докторы, профессор, РҒА Орал бөлімінің «Дала институтының» дала және табиғатты пайдалану бөлімінің меңгерушісі (Орынбор қ., Ресей Федерациясы);
3. Әділбектегі Гүлмира Әділбекқызы – география ғылымдарының кандидаты, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару және инжиниринг» кафедрасының доценті (Астана қ., Қазақстан);
4. Озгелдинова Жанар Озгелдиновна – PhD, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті физикалық және экономикалық география кафедрасының қауымдастырылған профессоры, (Астана қ., Қазақстан);
5. Мұқаев Жандос Төлеубекұлы – PhD, Шәкәрім университетінің жаратылыстану-математика факультетінің деканы (Семей қ., Қазақстан).
Қорғау 2024 жылғы 23 мамырда сағат 15:00-де әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Унивреистетінде «8D05202 (6D060900) – География», «8D05207 (6D060800) – Экология», «8D05203 (6D061000) – Гидрология», «8D07301 (6D071100) – Геодезия», «8D11101 (6D090200) – Туризм»; «8D05204 - Метеорология»; «8D01503 – География»; «8D07302 - Геоинформатика» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде 050040, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 71/19, география және табиғатты пайдалану факультеті, №225 аудиторияда гибридті форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/87411724032?pwd=UjZZdjNjZzg1ZWdlemFzSE5rbU9OQT09
Конференция сәйкестендірушісі: 874 1172 4032
Сайт мекенжайы: https://farabi.university/science/dissertation-advice/16