Сабидолда Авганбек

30 мамыр 2024

                                                                        

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D05308 – Ядролық физика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Сабидолда Авганбектің «Кулондық тосқауылға жақын энергиядағы ауыр иондармен туындаған 12C ядроларындағы протондардың шеткері ядролық беру реакциялары  және радиациялық қарпылуы» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті физика-техникалық факультетінің теориялық және ядролық физика кафедрасында және ҚР ЭМ "Ядролық физика институтында" орындалған.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс .

Қорғау тілі - қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Наурузбаев Досбол Кабдрашиевич – физика-математика ғылымдарының кандидаты, ғылыми қызметкер, NU Research and Innovation System (NURIS) (Астана қ., Казақстан).

2. Кабдрахимова Гаухар Даниловна – PhD, Л.Н.Гумилева атындағы Еуразия ұлттық университеті ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар кафедрасының доцент м.а. (Астана қ., Қазақстан).

Ғылыми жетекшілер:

1. Буртебаев Насурлла – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан).

2. Кшиштоф Русек – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Варшава университеті (Варшава, Польша).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Дубовиченко Сергей Борисович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ядролық астрофизика зертханасының меңгерушісі, В.Г. Фесенков атындағы астрофизика институты (Алматы қ,, Қазақстан).

2. Турсунов Эргаш Махкамович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының ядролық физика институтының теориялық ядролық физика зертханасының меңгерушісі (Ташкент қ., Өзбекстан).

3. Жуков Валерий Витальевич – физика-математика ғылымдарының кандидаты, П.Н. Лебедев атындағы ФИАН филиалының Алматы биік таулы ғылыми станциясының директоры (Алматы қ,, Қазақстан).

4. Нурмуханбетова Алия Кенжегалиевна – физика-математика ғылымдарының кандидаты, зертхана меңгерушісі, NU Research and Innovation System (NURIS) (Астана қ., Казақстан).

5.  Месут Каракоч – Ақдениз университетінің физика кафедрасының доценті, PhD (Анталия қ,, Түркия).

Қорғау 2024 жылдың 30 мамырындасағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  жанынан құрылған «6D060400 (8D05306) – Физика», «6D060500 (8D05308) – Ядролық физика», «6D061100 (8D05307)  – Физика және астрономия»,«6D072300 (8D05303)– Техникалық физика», «6D071900 (8D06201)– Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», «6D071000 (8D07110)– Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», «6D071700 (8D07106) – Жылу энергетикасы», «8D01501 – Физика», «6D073200 (8D07502) – Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде гибридті форматта (онлайн/оффлайн) өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/81599545102?pwd=WE4rUW02YjI2T20xRkVZa2dYalZudz09

 

Идентификатор конференции: 815 9954 5102

Жергілікті этикалық комиссия қортындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық