Шәкен Айман Шәкенқызы

30 мамыр 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6D090200 – Туризм» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Шәкен Айман Шәкенқызының «Алматы облысында агротуризм дамуының детерминанттары» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады. 

Диссертация әл-Фараби атындағы ҚазҰУ рекреациялық география және туризм кафедрасында орындалды. Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

  1. Сыздыкбаева Бакыт Узакбаевна – экономика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ туризм кафедрасының профессоры (Астана қ., Қазақстан). Мамандығы: «08.00.05 – Экономика және халық шаруашылығын басқару (салалар мен қызмет бағыттары бойынша)».
  2. Есенгабылова Айман Касенхановна – І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Экономика және сервис» кафедрасының аға оқытушысы (Талдықорған қ., Қазақстан) Мамандығы: «6D090200 – Туризм».

 Ғылыми жетекшілер:

  1. Плохих Роман Вячеславович – география ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті (Алматы қ., Қазақстан);
  2. Мика Мирослав - Dr. Hab.,  Ягеллон университетінің география және кеңістікті басқару Институтының туризм және санаторлық-курорттық менеджменті бөлімінің меңгерушісі (Краков қ., Польша).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Дунец Александр Николаевич – география ғылымдарының докторы, Алтай мемлекеттік университетінің доценті, ғылыми-инновациялық даму жөніндегі проректоры (Барнаул қ., Ресей).
  2. Токпанов Еркин Айпович – география ғылымдарының кандидаты, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасының доценті (Талдықорған қ., Қазақстан). 
  3. Семенова Людмила Валерьевна – экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Иммануэль Кант атындағы Балтық федералды университетінің қонақжайлылық Жоғары мектебінің директоры, (Калининград қ., Ресей).
  4. Сергеева Айгул  Максатовна – география ғылымдарының кандидаты, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің география және туризм кафедрасының доценті. (Ақтөбе қ., Қазақстан).
  5.  Зырянов Александр Иванович – география ғылымдарының докторы, профессор,  Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің география факультетінің деканы, туризм кафедрасының меңгерушісі (Пермь қ., Ресей).

Қорғау 2024 жылдың 30 мамырында сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ   «6D060900 (8D05202) – География», «6D060800 (8D05207) – Экология», «6D061000 (8D05203) – Гидрология», «6D071100 (8D07301) – Геодезия», «6D090200 (8D11101) – Туризм», «8D05204 - Метеорология»; «8D01503 – География»; «8D07302 - Геоинформатика» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде гибридті формат түрде өтеді. Мекен-жайы: 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғ., 71/19, география және табиғатты пайдалану факультеті, №225 аудиториясы.

Сайт: https://www.kaznu.kz/ru/18139/page/     

e-mail: aizhan.mussagaliyeva@kaznu.edu.kz  

Zoom конференциясына қосылу: https://us02web.zoom.us/j/88549322598?pwd=L2VkWTJPWldhelJ6TjRObG03SUM1Zz09

Жергілікті этикалық комиссия қортындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық