Farabi University

Досжан Нұрсұлтан Сағынайұлы

27 маусым 2024

Досжан Нұрсұлтан Сағынайұлының философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін «6D074600 – Ғарыштық техника және технологиялар» мамандығы бойынша «Топтамадағы жерсерік қозғалысын басқару алгоритмдерін әзірлеу» тақырыбындағы диссертациясын қорғау туралы ақпарат

Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика кафедрасында орындалды.

Қорғау түрі – диссертация.

Қорғау тілі – орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Ахмедов Даулет Шафигуллович –  техника ғылымдарының докторы, профессор, Д.А. Қонаев атындағы ТІИ тау-кен өндірісіндегі технологиялық процестерді цифрландыру зертханасының меңгерушісі. Мамандығы «Қолданбалы математика»;.

2. Нұрғожин Марат Рахмалыұлы – техника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының және Қазақстан Республикасы инженерлік академиясының академигі, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы. Мамандығы «Инженер-механик».

Ғылыми кеңесшілер:

1. Ракишева Зауре Баяновна – физика-математика ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика кафедрасының доценті (Алматы, Қазақстан);

2. Shinichi Nakasuka – Токио университетінің аэронавтика және астронавтика департаментінің (Department of Aeronautics and Astronautics) профессоры, PhD (Токио, Жапония).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Алипбаев Куаныш Арингожаевич – PhD, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің Коммуникациялық және ғарыштық инженерия институтының директоры (Алматы, Қазақстан);

2. Димитрий Галайко – PhD, Сорбонна университетінің профессоры (Париж, Франция);

3. Тулекбаев Ерлан Таштаевич - техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Сәтбаев университетінде Электроника, телекоммуникациялар және ғарыштық технологиялар кафедрасының меңгерушісі (Алматы, Қазақстан);

4. Төлендіұлы Санат – PhD, қауымдастырылған профессор, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің Ғарыштық инженерия кафедрасының меңгерушісі (Алматы, Қазақстан);

5. Бақтыбеков Қазбек Сүлейменұлы – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, «Ghalam» ЖШС Жетілдірілген және ғылыми-зерттеу жобалары басқармасының жетекші инженер-конструкторы (Астана, Қазақстан);

6. Джамалов Нутпулла Камалович – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Академик Ө.А.Джолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтының жетекші ғылыми қызметкері (Алматы, Қазақстан).

 

 Қорғау 2024 жылғы 27 маусымда сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы диссертациялық кеңесте «6D060300, 8D05403 – Механика», «6D074600, 8D07111 – Ғарыштық технологиялар және технологиялар», "8D07117 – Робототехника жүйелері"  мамандықтары бойынша офлайн режимінде өтеді.

Zoom кездесуіне қосылыңыз:

https://us02web.zoom.us/j/88129198038?pwd=kEGopskhRktac4jcwQ6hspLXg4UADW.1 

Конференция идентификаторы: 881 2919 8038

Жергілікті этикалық комиссия қортындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық