Жунисбеков Аскар Турисович

28 маусым 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 6D074000 – «Наноматериалдар және нанотехнологиялар» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Жунисбеков Аскар Турисовичтің «Жоғары жиілікті сыйымдылықты разрядта плазмохимиялық тұндыру әдісімен наноматериалдарды синтездеу» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, физика-техникалық факультетінің плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасында орындалған.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

  1. Зайцев Сергей Иванович – ф-м.ғ.д., профессор, Федералды мемлекеттік бюджеттік ғылым мекемесі Ресей Ғылым академиясының «Микроэлектроника технологиясы және арнайы материалдар мәселелері институты» (Черноголовка қ., Мәскеу облысы, Ресей). Мамандық «05.27.01 - қатты күйдегі электроника, микроэлектроника және наноэлектроника».
  2. Бейсенов Ренат Елемесұлы – PhD, қауымдастырылған профессор, Жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар мектебінің деканы, Қазақстан-Британ Техникалық Университеті (Алматы қ., Қазақстан). Мамандық "6D074000-Наноматериалдар және нанотехнологиялар".

Ғылыми жетекшілер:

  1. Рамазанов Тлеккабул Сабитович – ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық университетінің профессоры. әл-Фараби (Алматы қ., Қазақстан).
  2.  Лайфа Буфенди – Орлеан университетінің профессоры, (Орлеан, Франция).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Кетегенов Тлек Айтмуханович – х.ғ.д., доцент, Механохимиялық процестер және материалтану зертханасының меңгерушісі, ШЖҚ РМК «Жану Проблемалары Институты» ҒК ЖБҒМ (Алматы қ., Қазақстан).
  2. Хайруллин Сергей Рифович – х.ғ.д., профессор, РҒА академигі, "РҒА Сібір бөлімшесінің көмір және көмір химиясы Федералды зерттеу орталығы" (Новосибирск, Ресей).
  3. Здоровец Максим Владимирович – ф. - м.ғ.к., профессор, Ядролық физика институтының Астана филиалының директоры (Астана қ., Қазақстан).
  4. Сейтхан Азат, PhD, қауымдастырылған профессор, Satbayev University инженерлік бейіндегі зертханасының директоры (Алматы қ., Қазақстан).
  5. Бейсенханов Нуржан Бейсенханович – ф.-м.ғ. д., профессор, Қазақстан-Британ Техникалық Университеті, МжЖТМ деканы (Алматы қ., Қазақстан).

Қорғау 2024 жылдың 28 маусымы сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D074000/8D07113 – Наноматериалдар мен нанотехнологиялар (химияда)», «6D073400/8D07103 – Жарылғыш заттар мен пиротехникалық заттардың химиялық технологиясы», «6D074000/8D07112 – Наноматериалдар мен нанотехнологиялар (физикада)» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және офлайн) форматта, 050040, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 71 мекен-жайында, физика-техникалық факультетінде, № 330 аудиторияда өтеді.

 

Zoom конференциясына қосылу

https://us02web.zoom.us/j/84360453856?pwd=UzZ2ZE1OTCsyeUcyS0FDZXB0RVBvQT09

Идентификатор: 843 6045 3856

Жергілікті этикалық комиссия қортындысы