әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6D030100-Құқықтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Сеитова Алия Нуржановнаның «Правовые регулирование охраны и защиты товарных знаков в Республике Казахстан: вопросы теории и практики» («Қазақстан Республикасында тауар белгілерін қорғау мен сақтауды құқықтық жағынан реттеу: теория және практика мәселелері») тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертациялық жұмыс Каспий университетінің «Әділет» жоғары заң мектебінде орындалды.
Қорғау нысаны – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орыс тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Нукушева Айгуль Ашимовна – заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының профессоры (Қарағанды қ., Қазақстан). Мамандығы 12.00.03.;
2. Кусаинова Айнур Казыбековна – PhD докторы, Нархоз университеті, Құқық және мемлекеттік басқару Жоғары мектебінің оқытушысы (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы 6D03100-Құқықтану;
Ғылыми кеңесшілер:
1. Сулейменов Майдан Кунтуарович – заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Каспий университетінің жеке құқық ҒЗИ директоры (Алматы қ., Қазақстан);
2. Х.-Й. Шрамм – профессор, Висмар университетінің құқық докторы (Висмар қ., Германия).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Хасенов Муслим Ханатович – PhD докторы, Maqsut Narikbayev University, Құқық жоғары мектебінің доценті (Астана қ., Қазақстан);
- Айтимов Болат Жолдасбекович – PhD докторы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы қолданбалы зерттеулер институтының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен этика секторының меңгерушісі (Талдықорған қ., Қазақстан);
- Кайшатаева Асель Куандыковна – заң ғылымдарының кандидаты, Alikhan Bokeikhan University жанындағы азаматтық құқық пәндері кафедрасының аға оқытушысы (Семей қ., Қазақстан);
- Ландо Дарья Дмитриевна-заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Беларусь мемлекеттік университетінің Заң факультетінің Азаматтық құқық кафедрасының доценті (Минск қ., Беларусь)
Қорғау 2024 жылдың 28 маусым күні сағат 16:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D030100, 8D04203-Құқықтану; 6D030200, 8D04201-Халықаралық құқық» мамандықтар тобы / білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта (онлайн және оффлайн) мекен-жайы бойынша: 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, Заң факультеті, № 413 аудиторияда өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86407272674?pwd=yntTIDn4ptlAUITKmEDiaYclgEaZMv.1
Конференция идентификаторы: 864 0727 2674