Farabi University

Молжигитова Асель Ермековна

15 қараша 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6D070100 – Биотехнология», мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Молжигитова Асель Ермековнаның «Қазақстанның алма бақтарындағы бактериялық күйік қоздырғышына қарсы микроорганизмдерді қолдану тәсілін өңдеу» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биотехнология кафедрасы базасында және Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығының экологиялық және ауылшаруашылық микробиология зертханасында орындалды.

Қорғау формасы - диссертациялық жұмыс .

Қорғау тілі: қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1.  Слямова Назира Дусупкановна – ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, органикалық егіншілік зертханасының меңгерушісі, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: 06.01.11 - Өсімдіктерді қорғау;

2.  Копжасаров Бакыт Кенжекожаевич - ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, өсімдіктерді интеграцияланған қорғау бөлімінің жетекшісі, Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ҒЗИ. (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: 06.01.11-Өсімдіктерді қорғау.

Ғылыми жетекшілері:

Шемшура Ольга Николаевна - биология ғылымдарының кандидаты, «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС жетекші ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан);

Пётр Собичевский – хабил. доктор, Ұлттық бау-бақша ғылыми-зерттеу институтының профессоры (Скерневице қ., Польша).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Султанова Надира Жумахановна - ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, дәнді, дәнді-бұршақты және майлы дақылдарды қорғау бөлімінің меңгерушісі, Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ҒЗИ (Алматы қ., Қазақстан);
  2. Науанова Айнаш Пахуашовна – биология ғылымдарының докторы, профессор, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (Астана қ., Қазақстан);
  3. Святослав Бобев – хабил. доктор, Ауылшаруашылық университеті фитопатология кафедрасының профессоры (Пловдив қ., Болгария).

Қорғау 2024 жылы 15 қарашада, сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060700, 8D05101 - Биология», «6D070100, 8D05105 - Биотехнология», «8D05104 – Генетика» мамандықтар/ білім беру бағдарламалар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде гибридті форматта (онлайн/офлайн) өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://zoom.us/j/95844241373?pwd=OwStdls8VOgPRfERij0Me3Y6f1b9Dh.1  

Идентификатор: 958 4424 1373

Жергілікті этикалық комиссия қортындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық