Баимбетов Динмухамбет Баимбетовичтың философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін «6D06300 – Механика» мамандығы бойынша «Регенеративті жылу сорғысымен күн тұшыту жүйесіндегі эксперименттік және сандық зерттеулер» тақырыбындағы диссертациясын қорғау туралы ақпарат
Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика кафедрасында орындалды.
Қорғау түрі – диссертация.
Қорғау тілі – орыс тілі.
Ресми рецензенттер:
- Досхан Ыбырайымкул – PhD, Король Абдулла атындағы ғылым және технология университетінің (KAUST) зерттеушісі, мамандығы «6D060300 - Механика».
- Марат Булатович Кошумбаев – техника ғылымдарының докторы, БҰҰ жанындағы Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің жылуэнергетика кафедрасының аға оқытушысы. Мамандық: «01.02.05 - Механика және қолданбалы математика».
Ғылыми кеңесшілер:
- Айдархан Жүсіпбекұлы Қалтаев – физика-математика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры (Алматы қ., Қазақстан);
- Муругесан Моханрадж – PhD, профессор, Хиндустан инженерлік және технология колледжі (Hindustan Engineering & Technology College) (Коимбатур қ., Үндістан).
- Ержан Келесұлы Беляев – PhD, қауымдастырылған профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Механика» кафедрасының профессоры міндетін атқарушы.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Жасуржон Саидович Ахатов – т.ғ.д., профессор, Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының «Физика-Күн» ғылыми-өндірістік бірлестігінің Физика-техникалық институтының Күн жылу және энергетикалық қондырғылар зертханасының меңгерушісі, Ташкент, Өзбекстан.
- Нұрлан Нұрмаханұлы Балгабаев – ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының және Халықаралық ауыл шаруашылығы білім академиясының академигі. Қазақ Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры (Тараз қ., Қазақстан).
- Arjunan Thottipalayam Velligiri – PhD, профессор, Гуру Гасидас университетінің (орталық университет) Машина жасау кафедрасы, Биласпур (Чхаттисгарх), Үндістан.
Қорғау 2024 жылғы 6 желтоқсанда сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы диссертациялық кеңесте «6D060300, 8D05403 – Механика», «6D074600, 8D07111 – Ғарыштық технологиялар және технологиялар» мамандықтары / білім беру бағдарламалары бойынша аралас режимде, келесі мекенжайда өтеді: 050040, Алматы қ., аль-Фараби, 71 даңғылы, механика-математика факультеті 106 кабинет.
Zoom кездесуіне қосылыңыз:
https://zoom.us/j/92032920957?pwd=D788Tfbwz6QehHVMvmMAryYOUhC9iO.1
Конференция идентификаторы: 920 3292 0957