Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D08401 – Балық шаруашылығы және өндірістік балық аулау» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Кегенова Гүлнар Болатқызының «Оңтүстік - Шығыс Қазақстанның кіші суларындағы ихтиофаунаның таксономиялық құрамын және жағдайын зерттеу»» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасында орындалған.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс .
Қорғау тілі – орыс тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Исбеков Куаныш Байболатович – б.ғ.д., профессор, ЖШС «Балық шаруашылығы» ғылыми-өндірістік орталығының бас директоры (Алматы қ., Казақстан). Мамандығы 03.00.16 - Экология, 03.02.14 – биологиялық ресурстар
2. Асылбекова Айнур Серикбаевна – а.ш.ғ.к., «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ, аңшылықтану және балық шаруашылығы кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Астана қ., Казақстан).
Мамандығы 06.02.04 – дербес зоотехния, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы.
Ғылыми жетекшілер:
1. Отандық ғылыми жетекшісі: Мамилов Надир Шамилевич – биология ғылымдарының кандидаты, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының доценті, әл – Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы қ., Казақстан).
2. Шетелдік ғылыми кеңесшісі: Ядренкина Елена Николаевна – биология ғылымдарының докторы, РҒА СБ «Жануарлар экологиясы және систематикасы институты», «Зоомониторинг» зертханасының бас ғылыми қызметкері (Новосибирск қ, Ресей).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Шералиев Бахтиер Махмуталиоглы – PhD, Ферғана мемлекеттік университетінің зоология және жалпы биология кафедрасының доценті (Ферғана қ., Өзбекстан).
2.Аубакирова Гульжан Аманжоловна – б.ғ.к., қауымдастырылған профессор, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ, аңшылықтану және балық шаруашылығы кафедрасының меңгерушісі (Астана қ., Казақстан).
3. Туменов Артур Насибуллаулы - PhD, ЖШС «Балық шаруашылығы» ғылыми-өндірістік орталығының Батыс Қазақстан филиалының директоры (Орал қ., Казақстан).
Қорғау 2024 жылы 10 желтоқсан сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D061300, 8D05108 – Геоботаника», «8D08401 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде офлайн/онлайн түрде өтеді.
Zoom конференциясына қосылу: https://zoom.us/j/92599985550?pwd=NWqaaHWwh4tPIfFm9IHGy0IWhNmw2K.1
Конференция идентификаторы: 925 9998 5550