Дуанаева Сандуғаш Ерубаевна

20 желтоқсан 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6D050300» – Психология  мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрeжeсiн aлу үшiн ұсынылған Дуанаева Сандуғаш Ерубаевна «Шет елде оқитын студенттердің стресс пен резильенттілігінің этнопсихологиялық аспектілері» тақырыбындағы диссeртaциялық жұмысы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасында орындалған.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс, қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1.  Жиенбаева Надежда Бисеновна – психология ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан)

2. Сангилбаев Оспан Сейдуллаевич – психология ғылымдарының докторы, профессор, Туран университеті (Алматы қ., Қазақстан).

Ғылыми жетекшілер:

1.  Бердібаева Света Кыдырбековна – психология ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан);

 2.   Гарбер Алена Ильинична – PhD докторы, профессор, Заманауи Ғылымдар университеті (Бад-Вильдунген қ. Германия)

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Аубакирова Жанат Канашовна – психология ғылымдарының кандидаты, профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан)

2. Абилдаева Гульназ Сайлауовна – PhD докторы, Ө. Жолдасбеков атындағы №9 IT лицей директоры (Шымкент қ., Қазақстан).  

3. Акопов Гарник Владимирович (шетелдік ғалым) – психология ғылымдарының докторы, профессор, Самара мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университеті

(Самара қ., Ресей).

Қорғау 2024 жылдың 20 желтоқсанында сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанынан құрылған 6D050100, 8D03101 – Әлеуметтану; 6D050200, 8D03104 – Саясаттану; 6D090500, 8D11401 – Әлеуметтік жұмыс, 6D012300, 8D01801 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, 6D050300, 8D03107 – Психология, 6D010300, 8D01101 - Педагогика және психология мамандықтар тобы /білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта өтеді.

             Zoom конференциясына қосылу:

https://zoom.us/j/99332681808?pwd=Hs73dV7AjBcHCupeWbXKi3DbqjMGXt.1

              Идентификатор: 993 3268 1808

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы