Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және «Ядролық физика институты» ШЖҚ РМК бірлескен диссертациялық кеңесінде «8D05308 – Ядролық физика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Калжигитов Нурсултан Кувандиковичтің «6Li және 8Be жеңіл атом ядроларының микроскопиялық екі және үш кластерлік моделі» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің теориялық және ядролық физика кафедрасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орыс.
Ресми рецензенттер:
1. Садыков Турлан Хамзинович – ф.-м.ғ.д., профессор, «Физика-техникалық институты» ЖШС ғарыштық сәулелер физикасы зертханасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан).
2. Ткаченко Алеся Сергеевна – PhD, В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институтының ядролық астрофизика зертханасының ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан).
Ғылыми жетекшілер:
- Такибаев Нургали Жабагаевич - ф.-м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі (Алматы қ., Қазақстан).
- Курмангалиева Венера Оразхановна - ф.-м.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент), әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің аға оқытушы (Алматы қ., Қазақстан).
- Василевский Виктор Семёнович – ф.-м.ғ.д., Н.Н. Боголюбов атындағы теориялық физика институтының жетекші ғылыми қызметкері (Киев қ., Украина).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Дьячков Вячеслав Валерьевич – ф.-м.ғ.к., Воронеж мемлекеттік университетінің доценті (Воронеж қ., Ресей).
2. Наурузбаев Досбол Кабдрашиевич – ф.-м.ғ.к., Nazarbayev University Research and Innovation System (NURIS) ғылыми қызметкері (Астана қ., Қазақстан).
3. Кабышев Асет Маратович – PhD, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар кафедрасының оқытушы-зерттеушісі (Астана қ., Қазақстан).
Қорғау 2025 жылы 21 қаңтарда сағат 15:00-де «6D060500, 8D05308-Ядролық физика» мамандығы / білім беру бағдарламасы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және «Ядролық физика институты» ШЖҚ РМК бірлескен диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және оффлайн) форматта, келесі мекен-жай бойынша өтеді: 050032, Алматы қ., Ибрагимов к-сі, 1, №10 ғимарат, Әкімшілік корпус, Ақпараттық орталығы, 25 кабинет.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/98173458185?pwd=MkOc4Gw6DAYZGRQz5xQM1zQiakXvJ2.1
Идентификатор: 981 7345 8185