Farabi University

Калшабаева Маншук Женисбаевна

27 ақпан 2025

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D04201 – Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Калшабаева Маншук Женисбаевнаның «Қазақстандағы медиацияның ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелері» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс «Тұран» университеті, «Құқық жоғары мектебінде» орындалды.

Қорғау нысаны – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Сериев Болат Абдулдаұлы – заң ғылымдарының кандидаты, профессор, «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі - жастар саясаты жөніндегі проректор (Талдықорған қ., Қазақстан). Мамандығы: 12.00.05;

2. Акимбекова Меруерт Аминовна - PhD докторы, Каспий қоғамдық Университеті, «Әділет» жоғары құқық мектебінің қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы 6D030100 – «Юриспруденция».

Ғылыми кеңесшілер:

1. Оспанова Джамиля Азизхановна - заң ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, заң факультеті, азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан);

2. Горылев Александр Иванович -  заң ғылымдарының кандидаты, Н.И. Лобачевский атындағы Нижегородтық Мемлекеттік университеті, заң факультеті,  конституциялық және  муниципалдық құқық кафедрасының доценті. (Нижний Новгород қ., Ресей Федерациясы).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Нукушева Айгуль Ашимовна – з.ғ.к., профессор, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының профессоры (Қарағанды қ., Қазақстан); 

2. Джирембаева Ульбара Акматовна – «Адам және заң» медиаторлар мен заңгерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Президенті, кәсіби медиаторлар дайындау бойынша тренер (Алматы қ., Қазақстан);

3. Мұхитдинова Фирюза Абдурашидовна - з.ғ.д., Ташкент мемлекеттік заң университетінің мемлекет және құқық теориясы кафедрасының профессоры (Ташкент қ., Өзбекстан).

Қорғау 2024 жылдың  27 ақпан күні сағат 10:00-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D030100, 8D04203-Құқықтану; 6D030200, 8D04201-Халықаралық құқық» мамандықтар тобы / білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта (онлайн және оффлайн) мекен-жайы бойынша: 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, Заң факультеті, № 309 аудиторияда өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://zoom.us/j/96332971976?pwd=oOKUujRyIFkMLuDrKwCMl9aKgyhMJQ.1

Конференция идентификаторы: 963 3297 1976

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы