Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D03201 ‒ Журналистика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Сулейменова Айнур Эдрисовнаның «Бұқаралық ақпарат құралдарындағы деректі фильмнің трансформациясы: мультимедиялық техника және жанрлардың типологиясы» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің Журналистика және коммуникация менеджменті кафедрасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орыс.
Ресми рецензенттер:
1. Ибраева Галия Жунусовна – Саясаттану ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының профессоры, (Алматы қ., Қазақстан).
2. Шевякова Татьяна Васильевна – филология ғылымдарының докторы, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Халықаралық коммуникация кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан).
Ғылыми жетекшілер:
1. Ишанова Асима Калимовна - филология ғылымдарының докторы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры (Астана қ., Қазақстан).
2. Лебедева Татьяна Юрьевна-филология ғылымдарының докторы, PR-Ieerp Еуропалық институтының профессоры (Париж қ., Франция).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Ақыш Нұрдәулет Бәбиханұлы – филология ғылымдарының докторы, Ғылым Ордасы М.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институтының аға ғылыми қызметкері (Алматы қ. Қазақстан).
2. Амангелдиева Гулмира Сабыровна – PhD докторы, академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Журналистика кафедрасының меңгерушісі (Қарағанды қ., Қазақстан).
3. Саудбаев Мадияр Худайбергенұлы – PhD докторы, SDU университеті Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы (Алматы қ., Қазақстан).
Қорғау 2025 жылғы 27 наурызда сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D050400, 8D03201 – Журналистика, 8D03202 – Медиа және коммуникациялар, 8D03203 – Халықаралық журналистика» мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және оффлайн) форматта келесі мекен-жай бойынша өтеді: 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, Журналистика факультеті, 220 аудитория.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/94992554807?pwd=PkFcRWLJzDqw9pDms2Dm7dXmNfTDux.1
Идентификатор: 949 9255 4807