Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6D090200 – Туризм» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Сапиева Акмарал Женисбаевнаның «Тұрақты туризмді дамыту мақсатында Қазақстанның ұлттық парктеріндегі туристік-рекреациялық қызметтің мультипликативтік әсерін бағалау» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы ҚазҰУ рекреациялық география және туризм кафедрасында орындалды.
Қорғау формасы - мақала сериясы.
Қорғау тілі - ағылшын.
Ресми рецензенттер:
1. Муталиева Ляйля Маратовна – экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті туризм кафедрасының меңгерушісі (Астана қ., Қазақстан). Мамандығы: 08.00.05 Экономика және халық шаруашылығын басқару.
2. Мирослав Мика – география саласындағы Жер туралы ғылымдар докторы, Ягеллон университетінің география және кеңістіктік басқару институтының туризм және санаторлық-курорттық менеджмент бөлімінің басшысы (Краков, Польша).
Ғылыми жетекшілер:
1. Актымбаева Алия Сагындыковна – география ғылымдарының кандидаты, доцент, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы (Алматы, Қазақстан);
2. Тамара Ратс – PhD, Янош Кодолани атындағы Қолданбалы ғылымдар университетінің профессоры (Будапешт, Венгрия).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Лина Чжун – PhD, профессор, Мәдениет және туризм саласындағы үлкен деректерді зерттеу Қытай институтының деканы, Пекин халықаралық зерттеулер университеті (Пекин, Қытай);
- Токпанов Еркин Аипович – география ғылымдарының кандидаты, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің жаратылыстану кафедрасының доценті (Талдықорған, Қазақстан);
- Азлизам Азиз – PhD, доцент, Малайзия Путра университетінің Орман шаруашылығы және экология факультетінің деканы (Куала-Лумпур, Малайзия).
Қорғау 2025 жылдың 11 сәуір күні сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «8D07304 – Жерге орналастыру», «8D07302 – Геоинформатика», «8D07303 – Картография», «8D11101 (6D090200) – Туризм», «8D01503-География», «8D05202 (6D060900) – География»; «8D05207 (6D060800) – Экология» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде гибридті формат түрде өтеді. Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71/19, география және табиғатты пайдалану факультеті, №225 аудиториясы.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/96421516870?pwd=clG0RUyHpeD9tYZ4QGVOIW2o74PwPG.1
Идентификатор конференции: 964 2151 6870