Farabi University

Мамырова Сәуле Алиханқызы

15 мамыр 2025

«8D05108-Геоботаника» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Мамырова Сәуле Алиханқызының «Қазақстанда кездесетін Rhaponticum altaicum (Fisch. ex Spreng.) Soskov өсімдігін перспективті қолдану және таралуы мен популяциясының қазіргі жағдайы» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасында орындалған.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Утарбаева Нурлыгул Асылбековна – PhD, биология кафедрасының доценті, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті (Aқтобе қ., Қазақстан Республикасы). Мамандығы: «6D060700 – Биология».

2. Камкин Виктор Александрович – биология ғылымдарының кандидаты, агротехника кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), Торайғыров университеті (Павлодар қ., Қазақстан Республикасы). Мамандығы: «03.00.05 – Ботаника».

Ғылыми жетекшілері:

1. Кубентаев Серик Аргынбекович – PhD, биология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ботаника және фитоинтродукция институты» филиалының Астана ботаникалық бағының флора және өсімдік ресурстары зертханасының жетекші ғылыми қызметкері (Астана қ., Қазақстан Республикасы);

2. Куприянов Андрей Николаевич – биология ғылымдарының докторы, Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің Көмір және көмірхимия бойынша федералдық ғылыми-зерттеу орталығының Адам экологиясы институтының Кузбасс ботаникалық бағының аға ғылыми қызметкері (Кемеров қ., Ресей).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Стихарева Тамара Николаевна – биология ғылымдарының кандидаты, «Қазақ орман шаруашылығы және агроорман мелиорациясы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас ғылыми хатшысы (Щучинск қ., Қазақстан Республикасы).

2. Саякова Галия Мырзагалиевна – фармацевтика ғылымдарының кандидаты, «Ботаника курсымен фармакогнозия» кафедрасының меңгерушісі, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).

3. Бешко Наталья Юрьевна – биология ғылымдарының кандидаты, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Ботаника институтының өсімдіктерді қорғау және экология зертханасының аға ғылыми қызметкері (Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы).

Қорғау 2025 жылы 15 мамыр сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D061300, 8D05108 – Геоботаника», «8D08401 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», «8D05102 – Биомедицина» мамандықтар / білім беру бағдарламалар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде офлайн / онлайн түрде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://zoom.us/j/98569878070?pwd=AFQ6qHc29P3ltbDRznLajFRdYvCzec.1

Конференция идентификаторы: 985 6987 8070

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы