әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D05108 – Геоботаника» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Қапарбай Раушан Еділқызының «Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы сирек кездесетін Hepatica falconeri (Thoms.) Steward. (Ranunculaceae Juss.) түрінің ценопопуляциясының экологиялық-биологиялық ерекшеліктері мен құрылымы» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы өтеді.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының базасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттері:
- Букабаева Жанылхан Тусупжановна – PhD, Алихан Бөкейхан университетінің қолданбалы биология кафедрасының меңгерушісі (Семей қ., Қазақстан). Мамандығы: «6D060700 – Биология».
- Избастина Клара Сержановна – PhD, қауымдастырылған профессор, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (Астана қ., Қазақстан). Мамандығы: «6D061300 – Геоботаника».
Ғылыми жетекшілер:
- Мұхитдинов Наштай Мұхитдинұлы – биология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан).
- Габор Шрамко – PhD, Венгрия ғылым академиясының эволюциялық геномика бойынша зерттеу тобының жетекшісі (Дебрецен қ., Венгрия).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Салыбекова Нурдана Нуртаевна – PhD, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің доцент м.а. (Түркістан қ., Қазақстан).
- Саметова Эльмира Сайлаухановна – биология ғылымдарының кандидаты, ҚР ЭБЖМ ҚХЖМ «Ботаника және фитоинтродукция институты» ШЖҚ РМК бас ғылыми хатшысы, Микология және альгология зертханасының жетекші ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан).
- Унал Зейнеп – PhD, қауымдастырылған профессор, Ауыл шаруашылығы ғылымдары және технологиялары факультеті деканының орынбасары, Нигде Өмер Халисдемир университеті (Нигде қ., Түркия).
Қорғау 2025 жылы 21 мамырда сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D061300, 8D05108 – Геоботаника», «8D08401 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», «8D05102 – Биомедицина» мамандықтары / білім беру бағдарламалар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және офлайн) форматта, 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 71 мекен-жайында, биология және биотехнология факультетінде, № 214 аудиторияда өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/98165273798?pwd=fYOBSLmlcfzInkZqmX88RL1ev8SP6R.1
Конференция идентификаторы: 981 6527 3798