Farabi University

Ершибулов Азамат Кайратович

19 мамыр 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D05202 - География» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Ершибулов Азамат Кайратовичтың «Қазақстанның тұзданған топырақтарын геокеңістіктік модельдеу» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасында орындалған.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс .

Қорғау тілі - орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

  1. Сулейманов Азамат Русланович – биология ғылымдарының кандидаты, Ресей ғылым академиясы Уфа федералды ғылыми-зерттеу орталығының Уфа биология институтының топырақтану зертханасының ғылыми қызметкері. Мамандығы: «03.02.13 –Топырақтану» (Уфа қ., Ресей Федерациясы);

2. Озгелдинова Жанар Озгелдиновна – PhD, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жаратылыстану ғылымдары факультетінің, физикалық және экономикалық география кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Мамандығы:  «6D060900-География» (Астана қ., Қазақстан Республикасы).

Ғылыми жетекшілер:

1. Медеу Ахметкал Рахметуллаевич – география ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі, «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ Басқарма төрағасы (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);

2. Элеонор Милн – PhD, Колорадо штаты университетінің ғылыми қызметкері (Форт-Коллинс қ., АҚШ).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Мешалкина Юлия Львовна – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің топырақтану факультетінің жалпы ауыл шаруашылығы және агроэкология кафедрасының доценті (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы);

2. Червань Александр Николаевич – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент, Беларусь мемлекеттік университетінің география және геоинформатика факультетінің топырақтану және геоақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі (Минск қ., Беларусь Республикасы);

3. Мукаев Жандос Толеубекович – PhD, қауымдастырылған профессор, Шәкәрім атындағы университеттің жаратылыстану-математика факультетінің деканы (Семей қ., Қазақстан Республикасы).

Қорғау 2025 жылдың 19 мамыр күні сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ   «8D07304 – Жерге орналастыру», «8D07302 – Геоинформатика», «8D07303 – Картография», «8D11101 (6D090200) – Туризм», «8D01503-География», «8D05202 (6D060900) – География»; «8D05207 (6D060800) – Экология» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде гибридті формат түрде өтеді. Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71/19, география және табиғатты пайдалану факультеті, №225 аудиториясы.

Zoom конференциясына қосылу:  https://zoom.us/j/92224104304?pwd=HUe8Uc4Uj0GbwkV7e4glCWAuXEQQ3y.1

Конференция идентификаторы: 922 2410 4304

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы