Farabi University

Елеусинов Арман Инабатұлы

26 қыркүйек 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6D075100 – Информатика, есептеу техникасы және басқару» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Елеусинов Арман Инабатұлының «Қазақ тілінде қолжазба мәтіндерді тану үшін машиналық оқыту алгоритмдері мен ақпараттық моделін құру» тақырыбындағы ғылыми жұмысы қорғалады.

Ғылыми жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің компьютерлік ғылымдар кафедрасында орындалды.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Гульзира Бахытбековна Абдикеримова – PhD, доцент, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан).

2.  Ягалиева Багдат Есеновна – ф.-м.ғ.д., қауымдастырылған профессор, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (Алматы қ., Қазақстан).

Ғылыми жетекшілер:

1. Бурибаев Жолдас Алладинович – PhD, доцент м.а., әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан.

2.  Миачи Тайзо – PhD, профессор, Токай университеті (п. Канагава, Жапония).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Жумадиллаева Айнур Канадиловна – т.ғ.к.,  қауымдастырылған профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті  (Астана қ., Қазақстан).

2.  Барахнин Владимир Борисович  - т.ғ.д., доцент, Ақпараттық және есептеуіш технологиялар федералды зерттеу орталығы (Новосибирск, Ресей)

3.  Тарик Ахамед Ахангер – PhD, қауымдастырылған профессор, Ханзада Саттам Бин Абдулазиз университеті (Әл-Хардж, Сауд Арабиясы).

Қорғау 2025 жылдың қыркүйектің 26-ы, сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанынан құрылған «6D070200 – Автоматтандыру және басқару», «8D07109 – Автоматтандыру және Internet of Things», «8D07116 – Интеллектуалды басқару жүйелері», «8D06114-Медицина саласындағы жасанды интеллект», «6D060200/8D01502-Информатика», «8D06102- Компьютерлік инженерия», «8D06105- Жүйелік инженерия», «6D070300/8D06101-Ақпараттық жүйелер», «8D06107-Деректер туралы ғылым», «8D06103-Компьютерлік ғылымдар», «6D070400-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «6D075100-Информатика, есептеу техникасы және басқару» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде гибридті форматта (офлайн/онлайн) түрде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу: 

https://zoom.us/j/98023680241?pwd=Y4KiwCLBwGV5XfKRK03ZYo11pl2aj8.1

Конференция идентификаторы: 980 2368 0241

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы