Farabi University

Жұмабекова Айдана Төлеуқызы

21 қазан 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D06301 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Жұмабекова Айдана Төлеуқызының «Машиналық оқыту әдістері мен нейрондық желілерді қолдана отырып, қауіптерді анықтау жүйесін құру» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация әл-Фараби атындағы Казақ ұлттық университетінің Киберқауіпсіздік және криптология кафедрасында орындалған.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс .

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

  1. Бердибаев Рат Шындалиевич – Ақпараттық технологиялар институтының директоры, Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің саяси ғылымдар кандидаты, Киберқауіпсіздік кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан);
  2. Ускенбаева Раиса Кабиевна – техника ғылымдарының докторы, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің профессоры (Алматы қ., Қазақстан);

Ғылыми жетекшілер:

  1. Усатова Ольга Александровна – PhD, қауымдастырылған профессор, ҚР БҒМ ҒК Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының бас ғылыми хатшысы (Алматы қ., Қазақстан).

2. Eric T. Matson – PhD, профессор, Пердью Университеті (Уэст-Лафайетт қ., АҚШ).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Сатыбалдина Дина Жагыпаровна – физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Ақпараттық қауіпсіздік және криптология ҒЗИ директоры, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Казақстан).
  2. Бектемысова Гулнара Умиткуловна - техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (Алматы қ., Қазақстан).
  3. Kuchukhidze Tamari – PhD, Грузия техникалық университеті (Грузия).

Қорғау 2025 жылдың 21 қазанында сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  «8D06301 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және оффлайн) түрде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://zoom.us/j/92741674359?pwd=nqK2FXqKEgmscUuIuHSrhNiYx3IZkY.1

Конференция идентификаторы: 927 4167 4359

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы