Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D05105 – Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін Кожахметова Маржан Халидоллаевнаның «Қазақстанның төмен сортты көмірлерінен биогенді метан түзілуін ынталандыру» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертациялық жұмыс Биология және биотехнология факультетінің биотехнология кафедрасындағы "Қазақ-Неміс-Қытай" халықаралық қолданбалы микробиология ғылыми-зерттеу зертханасы базасында орындалды.
Қорғау формасы - диссертациялық жұмыс .
Қорғау тілі: қазақ.
Ресми рецензенттер:
1. Кудайбергенов Кенес Какимович – PhD докторы, қауымдастырылған профессор, О.А. Байконуров атындағы тау-кен металлургия институты, Сәтпаев университеті. Мамандығы: 6D060600 – Химия.
2. Сармурзина Зинигуль Сериковна – биология ғылымдарының кандидаты, «Республикалық микроорганизмдер коллекциясы» ЖШС (Астана қ., Қазақстан). Мамандығы: 03.00.07 – Микробиология.
Ғылыми жетекшілері:
Акимбеков Нуралы Шардарбекович – PhD, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, биотехнология кафедрасы (Алматы қ., Қазақстан);
Жа Жиан –профессор, Шэньси ғылым және технология университеті (Синьян қ., Қытай).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Исаева Акмарал Умирбековна – биология ғылымдарының докторы, профессор, Экология және биотехнология ғылыми-зерттеу институты, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (Шымкент қ., Қазақстан);
2. Паносян Овик Артюнович (Hovik H. Panosyan) – биология ғылымдарының докторы, профессор Ереван мемлекеттік университеті (Ереван қ., Армения);
3. Сабитова Альфира Нуржанкызы – PhD докторы, Химия және экология кафедрасы, Шәкәрім университеті (Семей қ., Қазақстан).
Қорғау аралас форматта (онлайн/офлайн) 2025 жылғы 17 қазанда, сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы диссертациялық кеңесте өтеді. Мамандандыру топтары: «6D060700, 8D05101 – Биология», «6D070100, 8D05105 – Биотехнология», «8D05104 – Генетика».
Zoom конференциясына қосылу сілтемесі:
https://zoom.us/j/94554632108?pwd=Yw4CDR0CegYx4QS4Rrbhaw4SKkNxmU.1
Конференция идентификаторы: 945 5463 2108